02 Шілде, 2011

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл

615 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Премьер-Министр К.­Мә­сі­мов­­­тің төрағалық етумен Үкімет жа­нын­дағы құқық бұзу­шы­лық­тың про­филактикасы жөніндегі ведом­ств­оаралық комиссияның бірінші отырысы болып өтті. Онда құқық бұзушылықтың про­фи­лактикасы бой­ынша құқық қор­ғау және уә­кі­летті органдардың қызметіне қа­тыс­ты бірқатар мә­селелер тал­қы­ланды. Мәжілісте Ішкі істер министрі Қ.Қасымов нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жат­қан шаралар туралы баяндама жасады. Министр «ауғандық» есірткі трафигі, Шу алқабының проб­лемасы, Ресей мен Еуропадан келетін есірткі трафигі, есірткіні қолдан өндіру мәселелеріне және өткізіліп жатқан жедел-про­фи­лак­тикалық іс-шаралардың нәти­же­леріне кеңінен тоқталды. Со­нымен қатар, мектептегі есірткі бекеттерінің жұмысын жаңғыр­ту­дың және есірткіге тәуелділерге әлеуметтік көмек, психологиялық қолдау көрсетудің, оларды ең­бек­ке орналастырудың нақты тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ кейбір түзеу мекемелерін мамандан­ды­рыл­ған мекемелер ретінде қайта ұйым­дастыру қажеттілігі және кәме­летке толмағандар арасын­дағы құқық бұзушылықтың ал­дын алу жөніндегі мемлекеттік сая­саттың жүзеге асырылуын қам­тамасыз ету, алкоголизмді, наша­қорлықты, уытқұмарлықты ерте анықтау және олардың алдын алу әдіс­темелерін әзірлеу бойынша қа­был­данып жатқан шаралар тал­данды, деп хабар­лады есірткі бизнесіне қарсы кү­рес комитетінің баспасөз қызметі.