05 Шілде, 2011

Қос мереке аясындағы неке қию рәсімі

4533 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Өткен сенбіде Тәуелсіз Қа­зақ­станның 20 жылдығы мен Астана күні мерекесіне орай, қалалық Әділет департаментінің ұйымдас­ты­руымен, қалалық АХАЖ бөлі­мі елордалық 38 жұптың салта­натты неке қию рәсімін өткізді. Жас жұбайлар әдетте бақыт әке­леді деген ырыммен той­ларын елеулі даталарға сәйкес­тен­діріп өт­кізуге тырысатыны баршаға мә­лім. Сондай күн­дер­дің бірі – Астана күні. Қос мерекеге арналған салтанатты неке қию рәсімі – ұзақ әрі бақытты бірлескен өмір сүру­дің бастауы. Бұл дәстүрлі іс-шара­ның қаты­су­шылары – үйлену той­лары Ас­танамыздың туған күні­не тұспа-тұс келіп отырған жас жұ­байлар. Статистикалық деректерге сү­йенсек, Астана күні қарса­ңында некелесуді ниет еткен жұп­тар­дың саны Астанада ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша жы­л­дан-жыл­ға артып келеді екен. Биылғы салтанатты шара «Қа­рақат» мектеп-студиясында бі­лім алып жатқан шәкірттердің жетігеншілер тобының өнерімен ашылды. Астана қалалық АХАЖ бөлімінің бас­тығы Гүлнәр Сағын­дықова: «Құр­­мет­ті жас жұбайлар, Неке және отбасы заңына сәйкес, 2 шілде күні сіздердің неке­леріңіз заңды түрде қиылды. Бүгіннен бас­тап, сіздерді ерлі-зайып­тылар деп жария­лаймыз. Неке туралы куәлік­терді бүлдіршін балалар­дың қолымен тапсырып отырмыз. Себебі, балалар – өмірдің жал­ға­сы, болаша­ғы. Астана мерекесі қар­саңында бас­қан қадам­дарыңыз осы сәбилердің жүрегіндей пәк, таза әрі шынайы болсын», – деп жас жұбайларды неке қию сәті­мен құттықтады. Салтанатты жиынға, барлығы 38 жұп пен олардың туған-туыс­тары, жолдастары, сондай-ақ ар­на­йы қо­нақтар да шақырылған екен. Шақы­рылған қонақтардың бірі С.Сейфуллин атындағы қазақ агро­техникалық университетінің рек­торы, Астана қа­ла­лық мәсли­ха­ты­ның депутаты Айт­б­ай Бұ­лашев сөз кезегінде: «Құр­­метті жас жұ­бай­лар, бүгін сіздер мен ата-ана­лары­ңыз үшін, ту­ған-туыс­­қанда­ры­ңыз үшін үлкен мереке екені сөзсіз. Неке­леріңіз қиы­­лып, көп­теген жас отаудың ша­ңы­рағы кө­теріліп отыр. Бұл оқиға­ның егемен еліміздің бас қаласының төрінде орын алуы бар­шамызды қуан­тады.  Той­лары­ңыз құтты бо­лып, қа­дам­дарыңызға гүл бітсін демекпін!», – деді. Ал «Қа­зақстан аруы – 2008» бай­қауы­ның жүлде­гері, «Хабар» те­леар­на­­сы­ның теле­жүргізушісі Динара Сәт­жанова жас жұбайларды құт­тықтай келе, сал­танатты шараға тіркелген ең жас жұп Жәңгір Жұма­беков пен Жұл­дыз Мақашеваға,  со­нымен бірге жас жағынан ең үлкен жұп Андрей Русский мен Татьяна Серденчукке «Сезон» журналына жыл­дық жа­зылу сертификатын тарту етті. Неке қию рәсіміне ерлі-за­йыпты тележүргізушілер Нұр­ділда Ораз бен Гүлназ Әлімгерей де жаңадан отау құрып жатқан жас жұбайларға өздері­нің жү­рек­жарды ақ тілектерін арнады. Салтанатты шараны бұлтсыз кө­гілдір аспаннан төгілген күн арай­лан­д­ыра түссе, «Қарақат» мек­теп-студия­сы­ның шәкірті Аяу­лым Сәдуақасова «Саған халқым» әнімен мерейлендірді. Ас­тана­да­ғы «Атамекен» этно-ме­мо­риалды кешенінен бастау алған сал­та­нат­ты неке қию рә­сі­мі, «Думан» ойын-сауық орта­лы­ғы мен «Отан қор­ғаушылар» монументі алдын­да­ғы алаң­да жалғасын тапты. Жас жұбай­лар­ға мерекелік айрықша бел­гісі бар не­ке қию туралы куә­ліктер салта­нат­ты түрде табыс­тал­­ған­нан кейін, шашу шашылып, көкке ақ шарлар ұшы­рылды. Жұлдыз БАЙДІЛДА.