05 Шілде, 2011

Сахнада – түркі әуендері

534 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Астана күні қарсаңында елор­даның жарқын келбеті бұры­н­ғы­сы­нан да сымбатты болып, арай­лана түс­ті. Қаланың көгінде тек әсем әуен­дер тербеліп, шат­тық­тың шал­қы­­масы шертіледі. Мұңайып, қаба­ғы түскен адамды мүлдем кездестірмейсіз. Бәрі­нің көңіл аспаны күлім­сіреумен өзін­ше бір таң-тамаша дү­ние. Өйт­кені, мереке аясында елор­далықтар мен қала қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлайтын көп­те­ген іс-шаралар бар. Солардың бірі 3-5 шілде аралығында К.Бай­се­йі­т­ова атын­дағы Ұлттық опера және ба­лет театрын­да болған түркі әуен­де­рінің «Астана – Арқау» фестивалі еді. Осымен төрт жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан «Астана – Ар­қау» фестивалі Астанадағы түр­кі өр­кениеті халықтары өкілдерінің бас­қосуымен ерекшеленеді. Оның үсті­не жаһандану үрдісіне байла­ныс­ты соңғы уақыттарда түркі әуен­дері­нің әлемдік сахнада аз орындалып бара жатқаны ескеріліп, мұндай ор­тақ мұ­расы бар елдердің әндері бірге шыр­қалып жатқаны сондай бір жарасым тапқандай көрінеді. Тарихпен жалғасқан ортақ түрік мәдениетіндегі әр түрлі стиль мен мазмұн, орындаушылардың шеберлігі, ХХ ғасырдағы исламдық өрке­н­иет­тің тербелу ырғағы, осылардың бәрі ұлтаралық мәдениет сабақ­тас­тығы­ның бір көрінісі болып қала бермек. Фестиваль барысында аты әлемге мәшһүр әншілер орын­да­ған түркі халықтарының әуендері көпшілік на­зарына ұсынылды. Сон­дай-ақ, Ба­тыс пен Шығыс тыңда­р­мандарын таңғал­ды­ратын және жоғары бағаланатын діни әндер, шаңқобызға арналған үздік өнер композициясы, көмекеймен ән айту, эпикалық және аспаптық композициялар, Орта Азия мен Қазақ­стан, Қап тауы мен Анадолы, Еділ бойы мен Сібір, түркілердің лири­ка­лық әндері, алуан стильдегі және маз­­мұндағы әуендер орындалды. Түрлі ұлт өкілдерінің түркі мәде­ние­тіне ла­йықталған ұлттық әуендерін тың­дағанда, көрермендердің бәрі рухани тұрғыдан ерекше жігерленгені анық. Бүгінгі таңда адамзаттың классика­лық мұрасы ретінде мойындалған ұлт­тық эпос жанрындағы әуендер тыңдаушыларды рухани ләззаттан­ды­ратыны да сондықтан. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.