05 Шілде, 2011

Қарышты қадам

461 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін
Елімізді индустрияландыру бесжылдығының бірінші жылының өзінде, яғни 2010 жылы Қазақстанда 152 инвестициялық жаңа жобаның іске қосылғандығы белгілі. Халқымыздың «көш жүре түзеледі» деп айтқанындай,  әрине, жаңадан іске қосылған осыншама көп жобаның бірден бел алып, белсене іске кірісіп кетуі оңай емес. Нарық экономикасының заңы бойынша жаңа өнім сын тезінен өтіп, өз тұтынушысын тапқанша және сол өнімді шығарушы ұжымның қалыптасқанынша біраз уақыт қажет. Бірақ, соған қарамастан, өткен жылы іске қосылған серпінді жобалардың, өндірістердің  арасында   қазірдің өзінде төрт аяғын тең басып, өздерінің жобалық қуаттарын игеруге жетіп қалғандары да аз емес. Біз төменде міне, осындай аз уақыттың ішінде-ақ жақсы нәтижелер көрсетіп, алдыңғы қатарға шыққан бірқатар жобалардың тізімі мен өндірістік сипатын және олардың орналасқан өңірін кестеге түзіп беріп отырмыз.

* * *

ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН ЖОБАЛАР

              АҚМОЛА ОБЛЫСЫ 1. Жауапты орындаушы: Ақмола облысының әкімі Жобаның атауы: Алтын айыру фабрикасы Жобаға тапсырыс беруші: «Алтынтау Көкшетау» ЖШС Жобаның құны, млн. теңге: 58 514 Құрылған жұмыс орындарының саны: 2 098 Пайдалануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың  бірінші жартыжылдығы.  Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Өткен тоқсан ішінде жобалық қуатының 70 пайыздан астамы игерілді.   2. Жауапты орындаушы: Ақмола облысының әкімі Жобаның атауы: Ақмола облысындағы астық сақтау кешені, сыйымдылығы 110 мың тонна Жобаға тапсырыс беруші: «Әліби Жарқайың» ЖШС, «Атбасар егін» ЖШС, «Бауман -7» ЖШС, «Жарқайың егін» ЖШС, «Запорожье»  ЖШС. Жобаның құны, млн. теңге: 2 390 Құрыл­ған жұмыс орындарының саны: 55 Пайдалануға берілген уа­қыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың екінші жартыжылдығы. Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Жобалық қуатына шықты. * * * АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ 1. Жауапты орындаушы: Ақтөбе облысының әкімі Жобаның атауы: Құс фабрикасының қуатын кеңейту Жобаға тапсырыс беруші: «Рамазан» ЖШС Жобаның құны, млн. теңге: 425 Құрылған жұмыс орындарының саны: 15 Пайдалануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың бірінші жартыжылдығы. Жоба тұрақты жұмыс істеуде.   2. Жауапты орындаушы: Ақтөбе облысының әкімі Жобаның атауы: Мыс және мыс-мырыш рудаларын өңдеу жөніндегі №2 байыту фабрикасы Жобаға тапсырыс беруші: «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС. Жобаның құны, млн. теңге: 15 642 Құрылған жұмыс орын­­дарының саны: 198 Пайдалануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың бірінші жартыжылдығы. Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Жобалық қуатына шықты.   3. Жауапты орындаушы: Ақтөбе облысының әкімі Жобаның атауы: «Восход» кен орнындағы жерасты шахта руднигі. Жобаға тапсырыс беруші: «Восход-Ориел» ЖШС Жобаның құны, млн. теңге: 21 141 Құрылған жұмыс орындарының саны: 413 Пайдалануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың бірінші жарты­жылдығы. Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Жобалық қуатына шықты.   4. Жауапты орындаушы: Ақтөбе облысының әкімі Жобаның атауы: Жарылғыш заттар өндірісі Жобаға тапсырыс беруші: «КазЦКУБ Нитрохим» ЖШС Жобаның құны, млн. теңге: 75 Құрылған жұмыс орындарының саны: 10 Пайдалануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың бірінші жартыжыл­дығы. Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Жобалық қуатына шықты.   5. Жауапты орындаушы: Ақтөбе облысының әкімі Жобаның атауы: Жаңажол СЖЕС екінші кезегі. Техникалық жарақтандыру Жобаға тапсырыс беруші: «Ақтөбемұнайфинанс» АҚ, «Қазцинк­маш» ЖШС Жобаның құны, млн. теңге: 3 524 Құрылған жұмыс орын­дарының саны: 16 Пайдалануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың бірінші жартыжылдығы. Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Жобалық қуатына шықты.   6. Жауапты орындаушы: Ақтөбе облысының әкімі Жобаның атауы: Ілеспе газды утилизациялау Жобаға тапсырыс беруші: «Қа­­зақтүрік­мұнай» ЖШС Жобаның құны, млн. теңге 1 655 Құ­рылған жұмыс орындарының саны: 44 Пайдалануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың екінші жарты­жылдығы. Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Жобалық қуатына шықты. 7. Жауапты орындаушы: Ақтөбе облысының әкімі Жобаның атауы: Мұнай өнімдері кешенін модернизациялау Жобаға тапсырыс беруші: «Sinooil» ЖШС АФ Жобаның құны, млн. тең­ге: 1 368 Құрылған жұмыс орындарының саны: 70 Пайда­лануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың екінші жартыжылдығы. Жоба тұрақты жұмыс істеуде.   8. Жауапты орындаушы: Ақтөбе облысының әкімі Жобаның атауы: Ұсақ тас өндіру зауыты Жобаға тапсырыс беруші: «Мұғалжар нефтестрой» ЖШС. Жобаның құны, млн. теңге: 370 Құрылған жұмыс орындарының саны: 60 Пайдалануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жыл­дың екінші жарты­жылдығы. Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Жобалық қуатына шықты. * * * АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ Жауапты орындаушы: Алматы облысының әкімі Жобаның атауы: Қаратал СЭС-4 құрылысы Жобаға тапсырыс беруші: «АСПМК-519» ЖШС Жобаның құны, млн. теңге: 783 Пайдалануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың екінші жартыжылдығы. Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Жобалық қуатына шықты. * * * ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ Жауапты орындаушы: Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жобаның атауы: Техникалық қайта жаңғырту Жобаға тапсырыс беруші: «Казцинкмаш» ЖШС Жобаның құны, млн. теңге: 5 972 Құрылған жұмыс орындарының саны: 10 Пайдалануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың екінші жартыжыл­дығы. Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Жобалық қуатына шықты. * * * Батыс Қазақстан облысы Жауапты орындаушы: Батыс Қазақстан облысының әкімі Жобаның атауы: Орал СЖЕС құрылысы (№1 тұрба блогы) Жобаға тапсырыс беруші: «Орал қаласындағы СЖЕС құрылысының дирекциясы» ЖШС Жобаның құны, млн. теңге: 10 591 Құрылған жұмыс орындарының саны: 48 Пайдалануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың бірінші жартыжылдығы. Жоба 2010 жылдың 28 маусымындағы телекөпірде Мемлекет басшысына танысты­рылды. Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Жобалық қуатына шықты. * * * Қарағанды облысы 1. Жауапты орындаушы: Қарағанды облысының әкімі Жобаның атауы: Өсімдік майын тазарту және қораптау кешені жөніндегі өндіріс Жобаға тапсырыс беруші: «Евразиан Фудс» ЖШС Жо­баның құны, млн. теңге: 357 Құрылған жұмыс орындары­ның саны: 7 Пайдалануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың екінші жартыжылдығы. Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Жобалық қуатына шықты   2. Жауапты орындаушы: Қарағанды облысының әкімі Жобаның атауы: Жылу техникалық кешенінің екінші кезегінің құрылысы және пайдалануға беру. Мұнда көмірден металлургиялық кокс алады Жобаға тапсырыс беруші: «Евромет» ЖШС Жобаның құны, млн. теңге: 440 Құрылған жұмыс орындарының саны: 500 Пайда­лануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың екінші жарты­жылдығы. Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Жобалық қуатына шықты. * * * Маңғыстау облысы 1. Жауапты орындаушы: Маңғыстау облысының әкімі Жобаның атауы: Баутино кентіндегі кеме жөндеу зауыты Жобаға тапсырыс беруші: «Маңғыстау облысындағы кеме жөндеу зауыты» ЖШС Жобаның құны, млн. теңге: 2 250 Құрылған жұмыс орындары­ның саны: 150 Пайдалануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың бірінші жартыжылдығы. 2010 жылдың 28 мау­сымындағы телекөпір кезінде жоба Елбасына таныстырылды.  Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Жобалық қуатына шықты. 2. Жауапты орындаушы: Маңғыстау облысының әкімі Жобаның атауы: Металл құрылғылары зауытының өндірістік алаңы Жобаға тапсырыс беруші: «ТеңізСервис» ЖШС Жобаның құны, млн. тең­ге: 5 760 Пайда­ла­нуға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың екінші жар­тыжылдығы. Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Жобалық қуатына шықты. * * * Павлодар облысы 1. Жауапты орындаушы: Павлодар облысының әкімі Жобаның атауы: Электролиз зауыты құрылысының екінші кезеңі           Жобаға тапсырыс беруші: «Қазақстан электролиз  зауыты» АҚ Жобаның құны, млн. теңге: 39 800 Құрылған жұмыс орындарының саны: 1 635 Пайдалануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың бірінші жартыжылдығы. Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Жобалық қуатына шықты   2. Жауапты орындаушы:Павлодар облысының әкімі Жобаның атауы: № 5 блоктың электрлік сүзгілерін монтаждау Жобаға тапсырыс беруші: “Екібастұз ГРЭС-1” ЖШС Жобаның құны, млн. теңге: 2 200 Пайдалануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың екінші жартыжылдығы. Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Жобалық қуатына шықты * * * Солтүстік Қазақстан облысы Жауапты орындаушы: Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Жобаның атауы: Солтүстік Қазақстан облысындағы сыйымдылығы 60 мың тонналық астық сақтау кешені Жобаға тапсырыс беруші: «Әліби-Есіл» ЖШС, «Кутузовтық Әліби» ЖШС, «Кирилловка-Айыртау» ЖШС,  «Новосветловка -Әліби» ЖШС Жобаның құны, млн. теңге: 1 801 Құрылған жұмыс орындарының саны: 40 Пайдалануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың екінші жартыжылдығы. Жоба тұрақты жұмыс істеуде. Жобалық қуатына шықты * * * Алматы қаласы Жауапты орындаушы: Алматы қаласының әкімі Жобаның атауы: «Медеу – Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын кешенді дамыту Жобаға тапсырыс беруші: «Chimbulak Development» ЖШС Жобаның құны, млн. теңге: 30 750 Құрылған жұмыс орындарының саны: 241 Пайдалануға берілген уақыты (ҮИИДЖК-не сәйкес): 2010 жылдың екінші жартыжылдығы. Жоба 2010 жылдың желтоқса­нындағы телекөпір кезінде Мемлекет басшысына таныстырылды. ____________________________________ Кез келген мемлекеттің дамуына, ондағы халықтың тұрмысына жақсы әсер етіп, өсіп-өркендеудің келесі сатысына көтерілуіне үлкен ықпал ететін, осылайша мемлекеттің әрбір тұрғынының көзайымына айналатын үлкен жобалар болады. Мәселен, Американы Америка еткен автомобиль өндірісі болса, Жапонияда электроника, радиотехника салаларының жылдам дамуы бұл мемлекетті технологиялық серпінділік жөнінен әлем елдерінің арасында алдыңғы қатарға алып шықты. Ал Малайзияда өз кезінде әлемдегі ең биік ғимарат атағына ие болған «Егіздер» үйінің салынуы халықтың рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін нығайта түсті. Қазақстан осындай ел мақтанышына ие боларлық құрылыстар жөнінде әлі өзінің соңғы сөзін айтып болған жоқ. Дегенмен, бүгінгі күннің өзінде біздің елімізде де республика халқының көз тігуіне лайық өзіндік жобалар бар. Олардың дүниеге келу барысын әдетте «халықтық құрылыс» деп атап жатамыз. Төменде сондай жобалардың бірқатарын, олардың өндірістік сипаттамаларымен қоса кестеге түзіп беріп отырмыз. * * * ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАР Жауапты орындаушы: Самұрық-Қазына Жобаның атауы: Жетіген – Қорғас темір жол желісінің құрылысы Жобаға өтініш беруші: «Қазақстан Темір жолы» ҰҚ» АҚ Құрылысты жүзеге асыру кезеңі: 2009-2011 жылдар Өңірі: Алматы облысы Құрылыс кезіндегі жұмыс орындарының саны         : 5 500 Пайдалану кезіндегі жұмыс орындарының саны: 2 093 Инвестиция көлемі, млн. теңге: 165 000 Қуаттылығы: 293 км Жауапты орындаушы: Самұрық-Қазына Жобаның атауы: «Өзен – Түркіменстан мемлекеттік шекарасы» жаңа темір жол желісінің құрылысы Жобаға өтініш беруші: «Қазақстан Темір жолы» ҰҚ» АҚ Құрылысты жүзеге асыру кезеңі: 2009-2011 жылдар Өңірі: Маңғыстау облысы Құрылыс кезіндегі жұмыс орындарының саны: 2 500 Пайдалану кезіндегі жұмыс орындарының саны: 843 Инвестиция көлемі, млн. теңге: 65 062 Қуаттылығы: 146 км Жауапты орындаушы: Самұрық-Қазына Жобаның атауы: Астана қаласында «Talgo» жолаушылар вагоны өндіріcін ұйымдастыру Жобаға өтініш беруші: «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Өндірісті ұйымдастырып, жүзеге асыру кезеңі: 2010-2011 жылдар Өңірі: Астана қаласы Пайдалану кезіндегі жұмыс орындарының саны: 342 Инвестиция көлемі, млн. теңге: 8 756 Қуаттылығы: Жылына 150 вагон Жауапты орындаушы: Самұрық-Қазына Жобаның атауы: Электровоз өндірісін ұйымдастыру Жобаға өтініш беруші: «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС Жүзеге асыру кезеңі: 2011-2018      жылдар Өңірі: Астана қаласы Өндірісті ұйымдастыру кезіндегі жұмыс орындарының саны: 70 Пайдалану кезіндегі жұмыс орындарының саны: 342 Инвестиция көлемі, млн. теңге: 25 937 Қуаттылығы: Жылына 50 электровоз Жауапты орындаушы: Көлік және коммуникация министрлігі Жобаның атауы: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін қайта жаңғырту Жобаға өтініш беруші: ККМ Транзиттік дәлізді жүзеге асыру кезеңі: 2007-2012 жылдар       Өңірі: Өңіраралық жоба Транзиттік дәлізді жүзеге асыру кезіндегі жұмыс орындары­ның саны: 50 000 Пайдалану кезіндегі жұмыс орындарының саны: 1 060          Инвестиция көлемі, млн. теңге: 825 100 Қуаттылығы: 2452 км Жауапты орындаушы: Мұнай-газ министрлігі Жобаның атауы: «Бейнеу-Шымкент» газ құбырлары құрылысы Жобаға өтініш беруші: «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ Құбыр құрылысын жүзеге асыру кезеңі: 2010-2019  жылдар Өңірі: Өңіраралық жоба Құбыр құрылысы кезіндегі жұмыс орындарының саны: 4 000 Пайдалану кезіндегі жұмыс орындарының саны: 500 Инвестиция көлемі, млн. теңге : 347 780 Қуаттылығы: Жылына 10 млрд. текше метр Жауапты орындаушы: Астана қаласының әкімі. Жобаның атауы: «Әбу Даби Плаза» көп қызметті кешен құрылысы Жобаға өтініш беруші: Aldar Properties PJSC. Құрылысты жүзеге асыру кезеңі: 2010-2014 жылдар Өңірі: Астана қаласы. Кешен құрылысы кезіндегі жұмыс орындары­ның саны: 3 000 Пайдалану кезіндегі жұмыс орындарының саны: 100 Инвестиция көлемі, млн. теңге: 165 000 Жауапты орындаушы: ҚР ИЖТМ Жобаның атауы: Болат шығару өндірісін жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізу Жобаға өтініш беруші: «Арселор Миттал Темиртау» АҚ Болат шығару өндірісін  жүзеге асыру кезеңі: 2010-2015 жылдар Өңірі: Қарағанды облысы Өндірісті жүзеге асыру кезіндегі жұмыс орындарының саны: 1 000 Пайдалану кезіндегі жұмыс орындарының саны: 1 034 Инвестиция көлемі, млн. теңге: 133 554 Қуаттылығы: 6 млн.тонна. Жауапты орындаушы: Самұрық-Қазына Жобаның атауы: Шарын өзеніндегі Мойнақ СЭС-нің құрылысы Жобаға өтініш беруші: «Самұрық-Энерго» АҚ СЭС құрылысын жүзеге асыру кезеңі: 2006-2011 жылдар Өңірі: Алматы облысы СЭС құрылыс кезіндегі жұмыс орындарының саны: 645 Пайдалану кезіндегі жұмыс орындарының саны:127 Инвестиция көлемі, млн. теңге: 54 129 Қуаттылығы: 300 МВт Жауапты орындаушы: Самұрық-Қазына Жобаның атауы: Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау және модернизациялау Жобаға өтініш беруші: «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ Жұмысты жүзеге асыру кезеңі: 2011-2014  жылдар Өңірі: Атырау облысы Құрылымдау кезіндегі жұмыс орындарының саны: 2 000 Пайдалану кезіндегі жұмыс орындарының саны: 391 Инвестиция көлемі, млн. теңге: 362 272 Қуаттылығы: Жылына 133 мың тонна бензол, 496 мың тонна параксилол, жалпы 2 млн. 257 мың тонна өнім өндіру Жауапты орындаушы: Самұрық-Қазына Жобаның атауы: Екібастұз ГРЭС-2. Кеңейту және қайта жарақтандыру Жобаға өтініш беруші: «Самұрық-Энерго» АҚ Жұмысты жүзеге асыру кезеңі: 2009-2013 жылдар Өңірі: Павлодар облысы Кеңейту, жарақтандыру кезіндегі жұмыс орындарының саны: 750 Пайдалану кезіндегі жұмыс орындарының саны: 300 Инвестиция көлемі, млн. теңге: 113 530 Қуаттылығы: 500 МВт Жауапты орындаушы: Самұрық-Қазына Жобаның атауы: Ақтау пластикалық бұйымдар зауытындағы жол бетондарының өндірісі Жобаға өтініш беруші: «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ Жүзеге асыру кезеңі: 2010-2012  жылдар Өңірі: Маңғыстау облысы Өндірісті қолға алу кезіндегі жұмыс орындарының саны: 300 Пайдалану кезіндегі жұмыс орындарының саны: 490 Инвестиция көлемі, млн. теңге: 42 630 Қуаттылығы: Қазақстанның ауа райы жағдайына сай келетін жылына 406,5 мың тонна әртүрлі маркадағы битумдар, жылына 255,4 мың тонна бензин, дизельдік өнім және 259,4 мың тонна вакуумдық газоил шығару Жауапты орындаушы: Самұрық-Қазына Жобаның атауы: Екібастұз ГРЭС-1. Кеңейту және қайта жарақтандыру Жобаға өтініш беруші: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС Жүзеге асыру кезеңі: 2010-2012 жылдар Өңірі: Павлодар облысы Кеңейту және қайта жарақтандыру кезіндегі жұмыс орын­дары­ның саны: 450 Пайдалану кезіндегі жұмыс орындарының саны: 25 Инвестиция көлемі, млн. теңге: 87 100 Қуаттылығы: Қуаттылығын 159 МВт-ға дейін арттыру Жауапты орындаушы: Мұнай-газ министрлігі Жобаның атауы: Интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы Жобаға өтініш беруші: «Kazakhstan Petrochemical Industires Inc.» ЖШС Жүзеге асыру кезеңі: 2010-2016  жылдар Өңірі: Атырау облысы Кешен құрылысы кезіндегі жұмыс орындарының саны: 12 000 Пайдалану кезіндегі жұмыс орындарының саны: 800 Инвестиция көлемі, млн. теңге: 925 000 Қуаттылығы: Жылына 450 мың тонна полиэтилен, 800 мың тонна полипропилен өндіру