05 Шілде, 2011

«Әлия гүлі» достарын қарсы алды

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2005 жылдан бастап екі жыл сайын өткізіліп келе жатқан дәстүрлі «Әлия гүлі» достарын шақырады» фестиваліне Ресейден, Татарстаннан, Қыр­ғызстаннан және Тараз қаласынан келген 300-ге жуық өнерпаз балалар қатысты. «Әлия гүлі» халықтық қазақ би ансамблінің көркемдік жетек­шісі Шолпан Айнабекованың айтуынша, балғын өнерпаздар ара­сын­да­ғы мұндай фестиваль еліміздің батыс өңірінде тек Ақтөбеде ғана өтеді екен. Фестивальдің басты ерекшелігі, балалар шығармашылығына арнал­ғандығында. Яғни, мұнда ән де айтылады, би де биленеді. Осындай үлкен мәдени шараны ұйымдастыруға қалалық әкімдік ұйытқы болды. Оған қатысушы жас өнерпаздар Қобда ауданының Бұлақ ауылында өнер көрсетті. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған фестиваль жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.