05 Шілде, 2011

Жетекші БАҚ басшылары тағайындалды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың тап­сырмасымен кеше респуб­ли­ка­­мыздың жетекші бұ­қа­ра­лық ақпарат құрал­дарына жаңа басшылар та­ғай­­ындалды. Атап айтқанда «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төраға­лы­ғы­на Айдос Ыдырысұлы Үкі­баев келді. А.Үкібаев бұған дейін «Хабар» Агенттігі» АҚ басқар­ма төрайы­мы­ның орын­ба­сары лауазымын атқар­ған. «Казахстанская правда» АҚ басқарма төрағасы болып Жанай Сейіт­жанұлы Омаров та­ғайындалды. Ол бұған дейін «Қазақстан» те­лерадио­корпо­ра­циясының бас­қар­ма төр­ағасы болған еді. «Қа­зақстан» ТРК ак­ционерлік қоға­мының бас­қар­ма төрайымы лауазымына Нұр­жан Жалауқызы Мұ­ха­мед­жа­но­ва келді. Н. Мұ­ха­мед­жа­но­ва бұған дейін «31 ар­наның» бас­шысы болған, деп хабарлады ҚазАқ­па­­рат.