06 Шілде, 2011

Бақыттымыз деп білемін

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Біз Моңғолиядан атажұртымызға егемендіктің елең-алаң шағында кө­шіп келген едік. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың әу бастан ұстанған саясатына орай Семей өңірін­дегі ағайындар бізді құ­шақ жа­йып қарсы алды. Өз басым маманды­ғыма орай «Шаған» кең­ша­рында бөлімше меңгерушісі болып қызметке кірістім. Сөйте жүріп, елге бірге келген ағайын­дарға да бас бол­дым. Осындай қам­қорлық нәти­же­сінде бәріміз де осы өңірге біржола тұрақтап қалдық. Қазірде өзім отбасыммен Семей қала­сында тұрып жатырмын. Сырт­тан келген оралмандарға мемлекет та­ра­пы­нан жасалып жатқан қамқор­лықтың қай-қайсынан болсын сырт қалған емеспіз. Айталық, ақшалай, малдай да көмек алдық. Кейіннен он сотық жер бө­ліп беріліп, оған үй тұрғызып ал­дым. Үш балам да осында келген соң жо­ға­ры және орта арнаулы оқу орын­дарын бітіріп, бір-бір мамандық иесі атанды. Бүгінде жақсы еңбек етуде. Дүниежүзі қазақтарының IV құ­рыл­тайында Елбасымыз аталы сөз айт­ты. Ендігі жерде той тойлау емес, ой тол­ғаудың кезі келді. Соған орай сырт­тан келген ағайындар өзімізге ел мен Елбасы тарапынан жасалып жатқан қамқорлыққа іспен жауап беретін уа­қыт болды деп білемін. Балаларымның алды өз парыздарын өтей бастағанына да қуаныштымын. Иә, бақыт деген осы емес пе! Тәбілтай ШӘРІП, оралман. Семей.