06 Шілде, 2011

Абай ескерткіші алдында өлең оқылып, ән-жыр әуеледі

494 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мереке аясында елордадағы Абай ескерткіші алдында «Астана – Ота­нымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» атты кітап және поэзия мерекесі болып өтті. Күмбірлеген «Сарыарқа» күйінің әуе­німен ілесе: «Армысыздар, Астананың саңлақтары! Толысқандай елімнің жан-жақтары, Тоғысқандай осында Алашымның, Хас жүйрік бағыланы, ардақтары» – деп басталған жыр жолдары оқылып, сөз алушылар тарапынан: «Биыл еліміз үшін айтулы жыл. Тәуелсіздіктің мерейлі 20 жылдығы, Астанамызға 13 жыл. Еңселі елор­да Алаштың айбынын асырды. Адам­затқа қазақтың ақпейіл, ақ жүрегіндей айқара құшағын ашты. Ақмоланың құдіретті рухы ұлы дала мұрагерлерінің жүрегі мен ой-қиялын тербеп, асқақтата бермек. Хакім Абай туралы Мұхтар Әуезов: «Абай – мұхит, мұхитты тауысуға бола ма?» деген екен. Сол мұхиттай Абайдың соңында қалған мұрасынан халқымыз рухани байлық алып, асылға бергісіз әрбір сөзін жадында ұстаған. Халқына өшпес мұра қалдырып, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде мойын­датқан майталман классигіміз Абайға тағ­зым ету – біз үшін зор мәртебе» делініп, арнайы кітап жәрмеңкесімен көмкерілген сахнаның екі шетінен ұлттық киімде әжелер көрермендерге шашу шашты. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Марфуға Айтқожина мен қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Оразгүл Асанғазы бүгінгі мерекенің мән-маңызын айта келіп, бүгінгі бас қосудың басалқасы – «Тәуелсіздік таңым атты арайлы!» жыр мүшәйрасы мен «Мұқа­ғали оқулары» көркемсөз оқу шебер­лерінің байқауы екенін  атап өтті. Сөйтіп, мереке барысында алдын ала іріктеуден өткен 17 жас ақын «Тәуелсіздік таңым атты арайлы!» жыр додасында бақтарын сынады. Бас жүлдені – Қарағандыдан келген Ақерке Асан жеңіп алса, «Атаулы диплом» Қажыбек Батылға бұйырды. Ал І-ші бәйгені – Салтанат Смағұлова иеленсе, ІІ-ші және ІІІ-ші жүлделерді – Гүлсара Шалқар, Назгүл Бердіқожа, Нұргүл Оқашева, Салтанат Жүсіпова, Динара Мәлік пен Мөлдір Айтбай қанжығаларына байлады. Ал «Мұқағали оқулары» көркемсөз оқу шеберлерінің байқау жеңімпаздарын – Ал­матыдан арнайы келген Жұлдыз Мақа­таев пен «Мұқағали Мақатаев» атын­дағы қордың төрайымы Бақыткүл Айдарова марапаттап, арнайы сыйлықтарын табыс етті. Берік САДЫР.
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025