06 Шілде, 2011

Мемлекеттік қызметкер болу – абыройлы міндет

877 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше Ақордада жоғары лауазымды қызметке тағай­ын­далған бір топ мемлекеттік қызметкер Қазақстан Республи­ка­сының Конституциясына және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес ел Президенті мен Қазақстан халқына салтанатты жағдайда ант берді. Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаевтың алдында антты алғашқы болып Бас прокурор Асхат Дауылбаев берді. Ол «Қа­зақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным – Қазақстан Респуб­ли­касын экономикалық және рухани дамыту ісіне бар күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мем­ле­кеттің Конституциясы мен заң­дарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекеттерімде заңды­лық пен әділеттілік, азаматтық пен ұлтаралық татулық қағи­даларын ұстануға, Қазақстан хал­қына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен әлем­дік қоғамдастықтағы беделін ны­ғайта беруге салтанатты түрде ант беремін, ант етемін», – деді еш кідіріссіз. Одан кейін Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов, Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов, Ішкі істер министрі Қалмұхамет Қа­сы­мов, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев, Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұ­мағұлов, Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова, Көлік және коммуникациялар министрі Берік Камалиев, Туризм және спорт министрі Талғат Ермегияев, Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова, «Сырбар» сыртқы барлау қыз­ме­ті­нің директоры Аманжол Жан­құ­лиев, Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко, Алматы облы­сының әкімі Аңсар Мұ­са­ханов және Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев ант берді. Ант беру сіздер үшін ерекше салтанатты күн деп есептеймін,  деді Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев ант беру рәсімі аяқталғаннан кейінгі сөзінде. Кез келген азаматқа мемлекеттік қыз­меткер болу – өте үлкен мәртебе. Оған барлық қазақстандық­тар­дың қолы жете бермейді. Ал Үкімет мүшесі болу, министр болу одан да зор жауапкершілік болып та­былады. Жаңа өздеріңіз айтқан ант мәтінінің әр сөзін жүректен өткізетіндей, жұмыс үстелдерің­нің үстіне қойып, күн сайын қа­рап отырсаңыздар, онда менің ай­тайын деген сөздерімнің бар­лығы бар. Бұдан соң Президент мемлекеттік қызметкерлер халықтың мүд­десіне адал қызмет ету қа­жеттігіне тоқталды. Елбасының тоқталып өткеніндей, мемлекеттік қызметке алған кезде, оларды мемлекетке адал қызмет ету үшін шақырады. Сондықтан әрбір мем­лекеттік қызметкер өздерін ха­лықтың қызметшілері ретінде сезінулері тиіс. Осы мәселені ұм­ытпаулары қажет. Мансап­қор­лық­тан аулақ болу, әрбір адамның мұң-мұқтажына назар аударып, уақыт оздырмай тиісті жауабын беру – мемлекеттік қызметкердің парызы. Сонда әкімдіктер де, мемлекеттік қызметшілер де ха­лыққа жақын болады. Тәуелсіздік алғаннан бергі 20 жыл ішінде жүзеге асырылған қыруар шаруаларды жүргізгендер кімдер? Мемлекеттік қызметкер­лер, деді Президент әрі қарай. Қол жеткізген табыстарымызды ұйым­дастырып, басы-қасында жүр­ген­дер, тағы сол мемлекеттік қыз­меткерлер. Алдымызға қой­ыл­­ған индустриялық-инновация­лық бағ­дарлама ең үлкен белес болып саналады. Оны жүзеге асыру үшін ерекше күш-қуат, бірлік пен білімділік, жігер керек. Соның бар­лығын орындауға сенім артып отырған сіздер бола­сыздар. Мемлекет басшысы атап өт­кендей, бүгінде еліміздегі мемлекеттік қызметкерлер арасында тәжірибесі мол үлкен буын да, орта буын да бар. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметке жастар да келіп жатыр. Олардың барлығы бір-бірімен сабақтаса отырып, Тәу­елсіз Қазақстанның өсіп-өр­кен­деуі үшін аянбай қызмет етулері тиіс. Елбасы сөзінің соңында ант бергендерге қызметтерінде табыс тіледі. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20