06 Шілде, 2011

Мерейтойлы жылдың мерейлі міндеттері

308 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі мем­­лекеттік комиссияның оты­рысы болып өтті. Оның жұмысына Үкімет мү­шелері, облыстар және Астана мен Алматы қалаларының әкім­де­рі қатысты. Отырыста осы уа­қытқа дейін Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өтуге байла­ныс­ты бір жарым мыңнан артық ша­ралардың өткізілгені атап көр­сетілді. Оларды өткізуге жастар, ғылым және шығармашылық интеллигенция, өнеркәсіп пен ауыл­шаруашылық, үкіметтік емес ұй­ымдар және қоғамдық қозға­лыс­тар өкілдері белсене қатысты. Сөйтіп, мерейтойлы жылға ар­нал­ған мерекелік шаралар іс жү­зінде бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Отырысқа қатысушылар ал­дын­да сөйлеген сөзінде Мерей­тойлық шараларды өткізу жөнін­дегі мемлекеттік комиссияның төр­ағасы Қанат Саудабаев биыл­ғы жылдың егеменді еліміздің тарихында айтулы кезең болып отырғанын атап өтті. Ол біздің еліміздің тарихына республи­ка­ның және аймақтардың қол жеткізген тамаша табыстарын, Қа­зақстанның және Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік ауқымдағы өскен беделін көрсе­тумен ғана енбей, мемлеке­ті­міздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салада одан әрі дамуына қуатты серпін беретін жыл ретінде аталуы керек. Мерейтойлы жылдың әр­бір күні өрелі істермен және Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қуатты әрі өркенді Қазақстанды жасау жолында белгілеген стра­тегия­сына отандастарымыздың қосқан нақты үлесін көрсетумен есте қалатын болсын, деді Қанат Саудабаев. Отырыста мерейтойлы жыл­дың алты айындағы Жалпы­ұлт­тық шаралар жоспарының орын­далуы қорытындыланды, сондай-ақ Астана мен облыстардағы белгіленген шаралардың қалған уа­қытта да үлкен ұйымшылдықпен және маз­мұнды өтуі жөніндегі мә­селелер қарастырылып, талқыланды. Жақсыбай САМРАТ.