Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығы мен Республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры атына үндеу-хаттары мен жылы шырайлы құттықтаулары үшін алғысын білдіріп жеделхат жолдады.
«Қазақстанның ұйғырлары экономика мен мәдениетті, ғылым мен білімді дамытуға, біздің еліміздің этностары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға өздерінің лайықты үлестерін қосуда.
Тұрақтылық пен келісім – жылдан-жылға жүргізілетін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, күн сайынғы үлкен жұмыс. Және мен еліміздегі ұйғыр интеллигенциясының өкілдері жастарды жоғары рухани байлық пен мәдени құндылықтарға баулып, бейбітшілік пен өзара түсіністік дәстүрлерін сақтап және жалғастырып отырғанын қанағаттанушылық сезіммен атап өтемін.
Қазақстанның әр алуан мәдениетінің ажыратылмайтын бөлімі болып табылатын ұйғыр мәдениетін сақтау және дамыту үшін бізде барлық жағдай жасалған. Бұл орайда, тамаша сахна саңлақтары көп жылдар бойы еңбек еткен Республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры үлкен рөл атқарады. Бұл іске Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығы тәрізді қоғамдық бірлестік те айтарлықтай үлесін қосты.
Сіздердің жетістіктеріңіз – барша Қазақстан халқының жетістігі. Біз біртұтас достық отбасында бірлесе отырып жаңа, тәуелсіз Қазақстанды құрудамыз.
Театр ұжымына, ғылым мен мәдениет қайраткерлеріне, барлық менің отандастарыма игілік, гүлдену және жаңа табыстар тілеймін! Сіздердің өнерлеріңіз, қызметтеріңіз біздің көпұлтты Отанымыз – Қазақстан Республикасының ортақ игілігіне, бейбітшілік пен келісімге одан әрі қызмет етсін!», – делінген жеделхатта.