06 Шілде, 2011

Елордаға естелік

405 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Егемен еліміздің барлық өңірлеріндегі жұрт елорда­ның 13 жылдық мерекесін ерекше көтеріңкі көңілмен атап өтуде. 13 жыл деген көп пе, аз ба? Қалай болғанда да осы бір мүшел жас ішінде Астана қаласы Қазақстан­ның жаһандық брендіне ай­налып, дүниедегі ең әсем де, жас қала ретінде танылуда. Астана – тәуелсіздік перзенті. Астана – жаңа әлемдегі жаңа Қазақ­станның жарқын бейнесі. Астана – дүниежүзілік сахнада Бейбітшілік пен Келісім ордасы. Астана – Батыс пен Шығысты байланыс­ты­рып жатқан алтын көпір. Ақор­далы Астананың Бас сәу­летшісі – Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаев­тың: «Астана – Ота­нымыздың жүрегі, Тәуел­сіздігіміздің тірегі», деген қа­натты қағидасы бар­лық қа­зақстандықтардың жүрегіне нұр шуағын құяды. Бүгінгі Бас қаламыздың мү­шел мерекесінде бір топ зиялы қау­ым өкілдерінің Астана қала­сына деген жүрек­жарды лебіздерін жариялап отырмыз. * * * Өмірбек БАЙГЕЛДИ, Парла­мент Сенатының депутаты. Бүгінгі Сарыарқаның кіндік тұ­сына орын тепкен Астана – жа­ңа ғасырдың пассионарлық туын­дысы. Бұл Қазақ халқы­ның келешектегі жарқын бет-бей­несі, он­ың тұрақты өркен­деп, өсуінің кепілі. Осындай тағ­дыр сыйлаған зор мүмкін­діктің иесі болған бү­гінгі ұрпақ бақытты. Бұлар мың­жыл­дық­тар тоғы­сын­дағы жаңа ру­­хани туындының іргесін қалау­шы­лар ретінде тарихта қалары сөзсіз. Әлем таныған елорданың ша­­ңырағы биік болғай! Төрегелді ШАРМАНОВ, Қазақ Тағамтану академиясының президенті, ҰҒА академигі. Астана бүгінде Қазақстан дең­гейінде қолға алынған шара­лардың шын мәніндегі орасан ордасына айналды. Мәселен, елді дамытуға қатысты әртүрлі кластердің қатарында медицина кластері бар. Астананың осы мү­шел мерекесі қарсаңында Ел­ба­сы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-да теңдесі жоқ тағы бір меди­ци­налық кешен – Кардиоло­гия­лық ғылыми-зерттеу орталы­ғының тұсауын кесті. Бо­лашақта Қазақстан халқы денсаулығын түзеу жә­не басқа шаралар үш­ін ат арытып, алыс шетелдерге бар­май­тын мүм­кін­дік туды. Нұржамал ҮСЕНБАЕВА, Қазақстанның халық әртісі. Әрине, Астана туралы көп толғауға болады. Кезіндегі облыс орталығы болған ша­ғын қала аз уақыттың ішінде адам танымастай өзгерді. Астана болғалы архитектуралық айшығы күрт өзгеріп, көрсе көз сенгісіз көркем шаһарға айналды. Еліміздің жас астанасы туралы бүгінде шет мемлекеттер де жақсы біледі. Олар елордамыздың даму қарқынына, келбетіне тәнті. Тәуелсіз Қазақстан турасында, елордамыз жөнінде шетел­діктердің жылы лебізі мені де қуантып, жүрегіме еліме деген мақтаныш сезімін ұялатады. Аманжол БӨЛЕКБАЕВ, Парламент Сенатының депутаты. Астана – менің туған қалам. Барлық саналы ғұмы­рым осы қаламен тығыз бай­ланысты. Бүгінде жиырма бірінші ғасырдың ең жас аста­насы келешекке батыл қол соз­ды. Қазақ елінің айбыны асқақ­тап, Астана төрткүл дүние тамсанғандай ғажайып қалаға айналып келеді. Сондықтан, келешекте елордамыздың Еу­ра­зиялық кеңістіктегі үлгілі астанаға айналатынына сенімім мол. Бұрындары шетелдіктер бізді ресейліктермен ша­тас­тырса, енді «Қазақстан, Астана, Назарбаев» деп, бас қаламызды әлем танып, сый-құрметке бөлеп жатыр. Секен ТҰРЫСБЕКОВ, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Мемлекеттің Астанасын ардақтау, оның жақсылығын асыру қай кезде де болған. Бола береді. Елінің ертеңін ой­лаған патшаның бір арманы туған халқы үшін үлкен шаһар орнату болса керек. Біздің еліміздің мақтанышы болып, Сарыарқа төсінде адам айтса нанғысыз әсем қала бой көтер­ді. Келбетіне көз тастасаң, дос сүйсініп, дұшпан күйінетіндей. Мәдениеті дейсіз бе, өнері, сәулеті дейсіз бе, қатар өркен­деп, даму қарқыны жағынан әлем жұртшылығының өзін таңдандырып отыр. Хью ПИРМАН, британдық архитектура сыншысы. (Англия). «Әлем пирамидасы»: дала төсіндегі жаңа елордада са­лын­ған орасан зор пирамида, ол қазіргі заманғы әлем ке­ре­метінің бірі бола алады. Ғимарат бүкіл әлемдегі бей­бітшіліктің, зорлық-зомбы­лық­тан бас тартудың, адам­дар­дың сенімі мен теңдігін нығай­ту­дың нышаны болады деп жоспарлануда. Осындай ғимарат салуға тапсырыс беру үшін Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев болу керек. Егор КОНЧАЛОВСКИЙ, кинорежиссер. (Ресей). Мен астаналықтарға гүл­денуді тілеймін, себебі, Ас­тананың өркендегені – елдің өркендегені ғой. Өз басым Қазақстанға бейжай қарай ал­маймын, оны өзімнің Отаным деп санаймын. Қазақстанда әжем тұрады. Мен Астана мен Қазақстанның басқа да қалаларының тұрғындарына барша жақсылықты, ты­ныш­­тықты тілеймін. Астанадан елдік пен тыныш­тық лебі еседі. Аста­на­ның қазіргі келбеті орасан күш-жігердің арқасында келді. Ендеше, бола­шақ ұр­пақ соны бағалай білсе ке­рек-ті!