08 Шілде, 2011

«ӨТМК» АҚ: экспорттық әлеует

388 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
«ӨТМК» АҚ: экспорттық әлеует ҚАНАТТЫ МЕТАЛЛ ӨНДІРУШІ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аталып өтетін жылы «Өскемен Титан-магний комбинаты» АҚ әлемдік рынокта ерекше қызығушылық туғызған кезекті жо­ға­ры жетістікке қол жеткізді. Мемлекет бас­шысының тікелей бастамасымен жүзеге асы­рылып жатқан отандық үдемелі индус­трия­лық-инновациялық  даму бағдарламасы шең­бе­рінде бұл кәсіпорында титан өнімдерін әлем­­дік рынокқа шығару әлеуетін жүйелі түр­де арттыру және жаңа технологиялық жетістіктерді өндіріске енгізу жөніндегі жұмыс лайықты жалғасын табуда. Төменде оқыр­мандарға комбинат үшін, жалпы алғанда тәу­елсіз Қазақстан үшін ерекше елеулі оқиға бол­ған бір жайды жан-жақты баяндаймыз. «EADS», «Aubert&Duval», «ERAMET Group» және ҐТМК титан жеткізу жґніндегі ґздерініѕ интеграциялыќ жїйесін ныєайтуда Париж, «Ля Бурже», 24 маусым 2011 ж. «EADS» және «UKAD» компаниялары «Au­bert&Duval» кәсіпорнымен бірлесе отырып және «ӨТМК» АҚ арасында «EADS»  компаниясы жү­зеге асырып жатқан бағдарлама бойынша, оның ішінде «Airbus» ұшақтары үшін бекіту бұйым­дарын және металдарды қақтау үшін титанның жартылай фабрикаттарын жеткізу жөніндегі ұзақ мерзімге арналған келісімге қол қойды. 2011 жылғы 24 маусымда Париждегі Ля Бурже әуе-шоуында қол қойылған бұл келісім «ӨТМК» АҚ-ның титан өнімдерін 2022 жылға дейін жеткізіп тұруды қарастырады. 2010 жылы қол қойылған «Ынтымақтастық туралы меморандумға» қосымша бұл жаңа келісім «Өскемен Титан-магний комбинаты» мен  «Au­bert&Duval», «EADS» компаниялары арасын­да толықтай интеграцияланған титан жеткізу жүйесін құруға бағытталған. Осы ретте «UKAD»  компаниясы ӨТМК шығарған титан құйма­ла­ры­нан жартылай фабрикаттар шығаруға жауапты болса, «Aubert&Duval» компаниясы әуе кемеле­рінің компоненттерін шығару үшін аса қажетті қақталған бұйымдар дайындауға жауапты. Өскемен Титан-магний комбинаты мен «EADS» компаниялары осы стратегиялық келісімнен басқа, «UKAD» және «EADS»-ның басқа да жеткізушілерін титан шикізатымен 2022 жылға дейін толық қамтамасыз ету жөнінде келісім жасау туралы шешімге келді. «EADS» компаниясы ӨТМК-нің титан құй­ма­лары мен балқымаларын шығару жөніндегі жаңа зауыттың тиімді жұмыс істеуіне ерекше мүдделі болып отыр. Қол қойылған бұл келісімдер Өс­кемен Титан-магний комбинатының «EADS» компаниялар тобының барлығы үшін титан шикі­затын жеткізетін шешуші кәсіпорын жөніндегі беделін арттыра түседі. Титан балқымасы әуе кемелерін жасау өндірісінде кеңінен қолданылады. Бұл металл әуе кемелерінің салмағын жеңіл­де­теді, беріктігін арттырады және даттануға қарсы ерекшеліктерін арттырады. «EADS» компаниясы туралы «EADS» әуе-космос және қорғаныс сала­сы­ның, сонымен бірге оларға қызмет көрсететін құ­рылымдардың әлемдік жетекші компаниясы бо­лып есептеледі. «Airbus», «Astrium», «Cassidian» және «Eurocopter» компанияларын қоса есептеген­дегі «EADS» компаниялар тобының 2010 жылғы табысы 45,8 миллиард еуроны құрады. «EADS» компаниялар тобында бүгінде 122 мыңға тарта адам еңбек етеді. «UKAD» және «Aubert&Duval» ќўрылтайшы-компаниялары мен ҐТМК туралы Францияның Сен-Жорж-де-Мон қаласында ор­на­ласқан «UKAD» бірлескен кәсіпорны «ӨТМК» АҚ-ның титан құймаларын жартылай фабрикаттар ретінде қайта өңдеу мақсатында 2008 жылы құрылған болатын. Бұл жартылай фабрикаттардан әуе кемелерінің қосалқы бөлшектерін жасайтын қақталған және бекіту бұйымдары жасалады. «UKAD» зауыты өнеркәсіптік пайдалануға 2011 жылғы қыркүйек айында берілмек. «UKAD» зауытының құрылысын салуға тартылған жалпы инвестиция көлемі 47 миллион еуроны құрады. «Aubert&Duval» компаниясы туралы «ERAMET» тобына кіретін «Aubert&Duval» ком­паниясы жоғары дәрежедегі қоспалар қосыл­ған балқымалар шығаруға маманданған компания болып табылады. Сонымен бірге ол әуе-космос және энергетикалық өнеркәсіп үшін алюминий және титан балқымаларын, супербалқымалар, жо­ғары дәрежелі сападағы арнайы болат шығару жөніндегі әлемдегі жетекші өндірістердің бірінен саналады. Өскемен Титан-магний комбинаты туралы ӨТМК шикізат шығарудан бастап металл өн­ді­руге дейінгі кешенді саланы қамтитын инте­гра­цияланған титан өнеркәсібі болып табылады. Со­ны­мен бірге, ол әуе-космос өнеркәсібі үшін ірі әлемдік шикізат жеткізуші болып табылады. 2011 жылы ӨТМК титан құймалары мен балқы­ма­ла­рын өндіру жөніндегі жаңа ірі зауытты өндіріске қосты. «Өскемен Титан-магний комбинаты» АҚ.