08 Шілде, 2011

Сенат сайлауына – 142 миллион теңге

204 рет көрсетілді
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұр­ған­құловтың төрағалығымен өткен Комиссияның кешегі оты­ры­сында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депу­тат­тығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтері белгіленді, сондай-ақ шығып қалғандардың орнына Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы мен Астана қаласы сайлау комиссиясының мүше­лерін тағайындау туралы шешім қабылданды. Отырыстан кейін өткен брифингте Ортсайлауком төрағасы БАҚ өкілдерін сайлау науқанын қаржыландыру тәртібі жөнінен, Парламент Сенаты депутатты­ғы­на кандидаттарды ұсыну және тіркеудің барысынан хабардар етті.  «Қазақстан Республика­сын­да­ғы сайлау туралы» Конституция­лық заңға сәйкес, Парламент Се­наты депутаттарының сайлауы республикалық бюджеттен қар­жы­ландырылады. 2011 жылы Сенат сайлауын өткізуге барлығы 142 миллион теңгеге жуық қар­жы бөлінген. Ал Сенат депутат­ты­ғына кандидаттың әрқайсына сайлау алдындағы үгіт жүргізуге, сондай-ақ көлік шығындарын өт­еуге республикалық бюджеттен 477 000 теңге бөлінетін болады. Бұл 2008 жылға қарағанда 90 пайызға көп. Есептеулер БАҚ-тар, баспаханалар мен көлік қызметінің өңір­лерде қалыптасқан бағаларын ескере отырып жүргізілді. Соны­мен қатар, Сенат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіті кандидаттар құрған сайлау қоры есебінен де қаржыландырылады. Сайлау қорлары Сайлау қорла­рын мемлекеттік тіркеу ережелерімен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады.  Кан­ди­даттың сайлау қорын кандидат­тың жалпы сомасы 3 199 800 тең­геден аспауы тиіс жеке қаражаты және Қазақстан Республикасы аза­маттары мен ұйымдарының жал­пы сомасы 7 999 500 теңгеден аспауы тиіс ерікті қайырмал­дық­тарынан құралады. Сенат депу­тат­тығына кандидаттың сайлау қо­рындағы қаржының жалпы со­масы 11 199 300 теңгеден аспауы тиіс. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, діни бір­лес­тіктердің, өздерінің жарғылық капиталында шетелдік қатысу­шы­сы бар қазақстандық заңды тұл­ғалардың ерікті қайырмал­дық­та­ры­на, сондай-ақ жеке және заң­ды тұлғалардың анонимдік қа­йыр­малдықтарына тыйым салынады. Сайлау қорына заңды жолмен алын­ған қаражат қана беріледі. Кан­дидаттардың сайлау қорлары­на келіп түскен қаржының жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты сайлау қорытынды­лары жарияланған күннен бастап он күн ішінде облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын бола­ды. Кандидаттардың сайлау қор­лары қаражаты Қазақстан Халық банкінің өңірлік бөлімшелерінде жинақталады. Олардың пайдала­нылуын бақылауды облыстық, Ас­тана және Алматы қалалық сай­лау комиссиялары жүзеге асырады. Ал ережелерді және сайлау қоры қаражатын жұмсаудың Ор­та­лық сайлау комиссиясы белгілеген тәртібін бұзу кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою­ға әкеліп соғуы мүмкін. Одан басқа, сайлау заңнамасына сәй­кес, әрбір Сенат депутаттығына кан­дидат тіркелгенге дейін Орта­лық сайлау комиссиясының шо­ты­на депозит ретінде 239 мың 985 теңге мөлшерінде сайлау жарна­сын енгізуі керек. Сайлау қоры­тын­дылары бойынша кандидат Сенат депутаты болып сайланған немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауысының кемінде 5 пайызын алған жағдайда, енгізілген жарна кандидатқа қайта­ры­лады. Брифингте ОСК басшысы кешегі күнге дейін Сенат депу­тат­тығына қанша кандидат ұсы­нылғанынан да хабардар етті. Жетінші шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына бар­лығы 87 кандидат ұсынылған. Орташа есеппен алғанда, бір депу­тат­тық мандатқа 5 үміткерден келіп отыр.  Ең көп кандидат ұсын­ған өңір Жамбыл облысы – 9 адам, жеті облыс 4 үміткерден ұсын­ған. Олардың ішінде 15 адам­ды мәслихаттар, ал 72 кандидат  өзін-өзі ұсынғандар. Ұсы­ныл­ған кандидаттардың ішінде 4 әйел бар. Үміткерлердің 9-ы Қа­зақ­стан Республикасы Парламенті Сенатының қазіргі кездегі депутаты болып табылады. Кандидаттардың 42-сі «Нұр Отан» партиясының мүшелері. «Ақ жол», «Ауыл», «Руханият» партиялары мен Қазақстанның пат­риоттар партиясынан бір-бір өкіл­ден ұсынылған, 17 адам өз­дері­нің партияға қатыстылығын көрсет­пе­ген, 24 адам  партияда жоқтар. Кешегі күнге дейін Сенат депутат­тығына 56 кандидат тіркелген. Ортсайлауком бекіткен Күн­тіз­белік жоспарға сәйкес, кандидаттар ұсыну 19 шілдеге дейін жал­ғасады. Кандидаттарды тіркеу­ді облыстық, Астана және Ал­маты қалалық сайлау комиссиялары 29 шілдеге дейін жүргізеді. Жалпы алғанда, сайлау науқаны қалыпты жағдайда өтуде. Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комис­сия­сына екі шағым келіп түсті. Тексеру барысында оларда айтылған фактілер расталмады. Шағым­дану­шыларға уақтылы жауап берілген. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар