09 Шілде, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №631

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 6 маусым, Астана, Үкімет Үйі «Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 405-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын: «25. «Е-learning» электрондық оқыту жүйесі.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    К.МӘСІМОВ.