09 Шілде, 2011

Кемшіліктер ашылып, келелі міндеттер жүктелді

480 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Сотқа деген халық сенімін қайт­кенде арттыруға болады? Ол үшін нендей оңды шараларды жүзеге асырған жөн? Жалпы еліміздегі ең адал да әділ сот үйі деп соңғы сенімін арқалап келген адамдардың ақ үмітін қалай ақтау керек? Бұл орайда Елбасының сот реформасының дамуына қатысты берілген тапсыр­ма­лары қалай орындалып жатыр?  Міне, осындай көптеген сұрақтар­дың түйінін тарқату үшін кеше Жо­ғарғы Сотта үстіміздегі жылдың жартыжылдығындағы республика судьяларының сот төрелігін жүзеге асыру жұмысы қорытындыланды. Алдымен баяндама жасаған Жо­ғарғ­ы Сот Төрағасы Бектас Бекназаров үстіміздегі жыл Мемлекет басшы­сының Жарлығымен ел Тәуелсіз­дігі­нің жиырма жылдығы жылы деп атал­ғандығын, соған орай ел соттары ал­дын­да өте маңызды да жауапты міндеттер тұрғанын айтып өтті. Сот жү­йе­сінің бүгінгі, ертеңгі барысы қазір­ден бастап нақты айқындалуға тиіс. Халыққа тиімді сот жүйесін құру жо­лында аяқтан шалар қандай кемшіліктер бар және оларды түп тамырымен жою барысында сот қауымдастығы нендей шараларды іске асыра алады? Бұл сұрақтарға осында жиналған об­лыс­тық соттардың, сот алқаларының төрағалары біздің қазіргі жаңадан бас­талып жатқан жұмысымыздың мақ­саты не, халыққа берер пайдасы қан­дай болатындығы туралы өз пікірлерін, ойларын ортаға салу арқылы жауап беруге тиіс, деді Жоғарғы Сот Төр­ағасы. Осы орайда жиналған барлық облыстық сот және алқа төраға­лары­ның қатысуымен жарты жыл бойы атқарылған жұмыстар сарапқа са­лын­ды. Жан-жақты талқыланды. Жоғарғы Соттың алқа төрағалары және Жоғар­ғы Сот судьяларының қатысуымен қан­дай кемшіліктер орын алғаны ашық айтылып, өзара сын өрісін тап­ты. Судьялар одағының V съезінде Ел­басының берген тапсырмаларын орын­дау барысында – қолға алынған жұмыстар пысықталды. Баяндамашы үстіміздегі жыл­дың бірінші жартыжылдығындағы сот­тар­дың жұмыс сапасы жалпы ал­ған­да тұрақты деңгейде екендігін атап өтті. Аудандық және оған те­ңес­тіріл­ген соттар үкімдерінің күшін жою көрсеткіші 0,5 пайызды құрады, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 0,6 пайыз болған еді. Азаматтық істер бойынша аудандық және оған теңестірілген сот­тар шешімдерінің жоғары тұрған соттарда күшін жою көрсеткіші 0,2 пайызға өсіп, 0,6 пайызды құрады. Осы орайда  алаңдатарлық жәйт, ау­дан­дық сот судьяларының жүкте­ме­сі әлі де нормативтен 1,5-2 есе ар­тық болып отыр. Дегенмен осы жар­ты­жылдықта сотталғандар санының 4974 тұлғаға азайғандығымен қатар, соттардың азаматтарға қатысты бас бостандығынан айыру жазасының қолданылу көрсеткіші де төмен­де­генін айтып өткен жөн. Мәселен, егер 2010 жылдың бірінші жарты­жыл­ды­ғында бас бостандығынан 7583 адам айырылса, ағымдағы жылы бұл көр­сет­кіш 5734.  Осы, яғни, Елбасының сот реформасының дамуына қатысты берілген тапсырмаларының орын­далу жайын нақты мысалдармен тү­йіндеген Жоғарғы Сот Төрағасы бұ­дан соң сот жүйесінің алдына қойы­лып отырған мақсаттарға тоқталды. Бүгінде жоғарыда айтқанымыз­дай, сот жүйесіне халықтың сенімін арт­тыруға қажетті шаралар қабыл­дану үстінде. Сот қауым­дас­ты­ғы­ның кәсіби деңгейін жоғарылату мақ­са­тын­да қызметтегі судьялар мен судья­лыққа үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілуде. Судья өз білімімен, мінез-құлқымен заңдылық пен та­за­лықтың, адалдықтың бас­тауы болуы тиіс.  Сол сияқты 2009-2011 жылдарға жоспарланған сот оқуы страте­гия­сы­на сай,  халықаралық тәжірибені зерт­теуге арналған көптеген семинарлар мен қажеттіліктеріне орай қашық­тық­тан оқыту курстарын ұйым­дас­тыру жоспарлануда, судьяларды та­ғы­лымдамадан өткізу мерзімі ұзар­тыл­ды.  Судьялық кадрларды іріктеуді жетілдіруге бағытталған тұрақты жұмыс жүргізіліп, судьялыққа үміт­кер­лердің тағылымдамадан өтуіне бай­ланысты талаптар күшейтілді. 2011 жылдың сәуірінен бастап рес­пуб­ликалық ресми басылымдарда, Жоғарғы Сот веб-сайтында жергілікті соттардың төрағалары, алқа төр­ағаларына үміткерлер туралы ақ­па­раттар жарияланып келеді. Бола­шақ­та судьялыққа үміткерлерді негізінен әділ сот институты түлектерінен іріктеу жоспарланып отырғандықтан, атал­мыш оқу орнының жұмысына барынша көңіл бөлінбек. Ең бастысы, сот өндірісін жетілдіру әрі оңтайландыру жұмысы одан әрі жалғасын тауып, судьялар тара­пы­нан орын алатын сарсаңға салу, сот қателігі, судьялардың өз­дері­нің заң бұзуына негіз болатын жайттар жо­йылады. Дауларды ше­шу­дің балама тәсілдері, соның ішінде татулас­тыру мен медиация белсенді түрде қолданысқа енгізіледі.  Құжат айна­лы­мын қағаз түрінен электрондық нұс­қаға ауыстыру бо­л­ашақ сот про­цесінің негізі болуы тиіс.  «Элек­трон­дық үкімет» техно­ло­гиялары сот жү­йе­с­інің қол жетімділігі мен ашық­ты­ғы үшін пай­даланылуы қажет. Үсті­міздегі жыл­дың тамызынан бастап «Медиация туралы» заңның күшіне енуі қара­па­йым даулар бойынша туын­дай­тын істер санын азайтады деп күті­лу­де. Соттардың және судья­лар­дың жұмысы бойынша әлеуметтік сауалнамалар өткізу әдістемесі да­йын­да­лып, ол жүзеге асады. Жоғарғы Сот тарапынан жергілікті соттар қыз­метінің тиімділігін бағалауды жүр­гі­зу мәселесі бойынша жаңа талаптар қойылып, төмен тұрған сот­тардың қ­а­те­лерін түзеудің тиімділігін арт­ты­руға зор көңіл бөлініп, бұл апелля­ция­лық және кассациялық са­тыда­ғы соттардың жұмысын жа­ңа сапа­лы деңгейге көтеруге мүм­кіндік бермек. Соттарда бейнеконференц байла­ны­сы, сот процес­тері­нің үн-бейнесін жазу, ақпараттық анықтама дүңгір­шек­тері қызмет ету­де.  Бұған қоса Жоғарғы Сот «е-сот» атты жо­баны жа­сауда. Экономикалық сот­тарда элек­трондық сот өндірісі тәр­тібінде істерді қарауды енгізу жоспарлануда. Алдағы уақытта электрон­дық сот оты­рысы залының қалыпты үл­гісі жа­сақталмақ. Соны­мен қа­тар, жоға­ры тұрған сот саты­ларына ша­ғым­дар­ды электрондық форматта беру мүмкіндігі де қарас­тырылуда. Соттардың қызметін қамта­ма­сыз ету  департаменті  сот жүйе­сін­де ақпараттық технологияларды қол­дану аясын кеңейту тұжы­рым­дама­сын дайындауды қолға алады. Сөй­тіп «Істерді автоматты түрде бөлу», «үн-бейнежазбаны қолдану арқылы қаралған істердің саны» сияқты көрсеткіштер жергілікті және басқа соттар қызметінің тиімділігін баға­лау­ға қосылады.   Бұл орайда сот­тар мен судьяларды мамандандыру жұмысы одан әрі жалғаспақ. Мә­селе әкімшілік әділет жүйесін ке­зең-кезеңмен енгізу, қылмыстық істерді қарайтын, салық және т.б. ма­мандандырылған соттарды құру ту­ралы болып отыр. Бұл халықаралық тәжірибеге сай заман талабы дейді шығып сөйлеушілер.   Қазіргі күні рес­публикада мамандандырылған ау­данаралық экономикалық, қыл­мыс­тық, әкімшілік соттар, ал Астана мен Алматы қалаларында жас­өс­пірімдер істерін қарайтын маман­дан­дырылған соттар төрелікті жү­зе­ге асыруда. Барлық аймақтарда ювеналдық соттарды құру мәселесі де күн тәртібінде тұр. Ал қаржы­лық-экономикалық даулар бойынша мамандандыру өзекті күйінде қа­лып отыр. Кеңесте қазіргі күнгі сот құры­лымы тиісті деңгейде тиімді емес екендігі де айтылды. Конституциямен жергілікті соттардың қызметін қадаға­лау бойынша бекітілген мін­дет­тің ор­нына Жоғарғы Сот сот істері бойын­ша қадағалауды жүзеге асырумен ай­налысып кеткен.  Осы­ған орай, об­лыс­тық соттарда екі сот сатысының: апелляциялық – заңды күшіне енбеген шешімдер мен үкім­дерге шағымдану үшін, кассация­лық – заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау үшін құрылуы жөн дейді. Сонымен қатар, істерді бірінші сатылы соттарға қайта қа­рауға жолдауға тыйым салу ұсы­ны­луда. Апелляциялық сатыда істерді қарау сапасын арттыру үшін құқық салалары бойынша мамандан­ды­рыл­ған сот алқаларын құру қажет көрі­не­ді. Апелляциялық сатыдағы сот шы­ғарған актілердің жария­лан­ған күннен бастап заңды күшіне енуі туралы заң нормасы енгізілуі тиіс деді сот ма­мандары.   Кеңесте айтылған осындай күр­делі өз­г­е­ріс­тер Жоғарғы Сотқа жер­гілікті сот­тар­дың қызметін қадаға­лау бойын­ша өзінің конституциялық өкілет­тік­терін тиімді пайдалануға мүм­­кін­дік береді деп күтілуде.   Сөй­тіп, атал­ған кеңесте айтылған жайлардан байқағанымыздай, сот қауым­дас­тығы халықтың соттарға деген сенімін жоғарылатуға бағытталған Ел­ба­сы тарапынан қойылып отыр­ған бар­лық міндеттерді орындауға күш са­лып және оған өздерінің қау­қары бар екендігіне көз жеткізбек. Александр ТАСБОЛАТОВ.