12 Шілде, 2011

«Киногермания – 2011»

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Осылай аталған фестиваль «Сарыжайлау» кинозалында өтті. Германияның Қазақстандағы елшілігі, Гете университеті және «Видергебург» ұлттық мәдени орталығы ұйымдастырған неміс фильмдерінің күндері көрермендерге үлкен өнер сыйын тартты. Көрсетілген 13 туындының көбі халықаралық байқауларда жүлде алғандар болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі адамдар өміріндегі оқиғаны баяндайтын «Полл», қазіргі заман тақырыбындағы «Джулияның жоғалуы» атты көркем картиналар көпшілік есінде қалды. Сондай-ақ, деректі фильмдер арқылы Германия тарихымен, көркем жерлерімен, мәдени мұралармен танысуға мүмкіндік алды. Алдағы уақытта облыс мәдениеті мен өнерін неміс жұртшылығына да таныстыру көзделіп отыр. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.