Фото: Ашық дереккөз
Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма бастығы Бекболат Әнесовтің айтуынша, бір жылда бес қаржы пирамидасының заңсыз әрекеті тоқтатылған.
6,8 млрд теңге шығын келтірген: Абай облысында қаржы пирамидасы әшкере болды
«Біздің басты міндетіміздің бірі – қаржылық пирамидасын анықтау, алдын-алу жұмысына басымдық беру. Мәселен, Уксикбаев пен Омаргалиевтің Атырау өңірінде «Хармони Райдер Технолоджи» қаржы пирмидасын құрғаны анықталды. Олар салымшылардан жалған инвестицияға қаржы салдыру арқылы 58 млн 551 мың теңгені алып, залал келтірген. Сот үкімімен күдіктілер қаржы пирамидасын құру дерегімен кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды», деп хабарлады Бекболат Әнесов.
Жәбірленушілерге 300 млн теңге қайтарылды: «HAS» пирамидасының құрбандары кімдер?
Оның дерегіне қарағанда, департамент қызметкерлері қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың есеп-шотындағы 102 млн теңгенің заңсыз айналымын тоқтатқан.