Қазақстан • Бүгін, 12:45

Қазақстан мен Өзбекстан келісімге келді: Өңірлік құзырет орталығы қандай мәселені шешеді?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұлов пен «UzAtom» басшысы Азим Ахмедхаджаев атом энергетикасы бойынша өңірлік құзырет орталығын құру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Өзбекстан келісімге келді: Өңірлік құзырет орталығы қандай мәселені шешеді?

Фото: yuz.uz/ru

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттарын талқылады. Әсіресе Жизақ облысында атом электр станциясын салу жобасын іске асыруға, сондай-ақ өңірдегі ядролық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударылды.

Дипломат радиациялық мониторинг деректерімен алмасуды жолға қоюды, қоршаған ортаға әсері бойынша консультациялар бастауды, сондай-ақ шекара маңындағы төтенше жағдайларға әрекет ету жөніндегі бірлескен оқу-жаттығулар өткізуді ұсынды.

Еліміздегі екінші АЭС Алматы облысында салынады

Кездесу қорытындысы бойынша конструктивті диалогты жалғастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді. Атап айтқанда, 2026 жылдың үшінші-төртінші тоқсанында Қазақстанның Атом энергиясы агенттігі өкілдерінің «Узатомға» жоспарланған жұмыс сапары аясында өзара іс-қимыл жалғасады.

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын «Росатом» компаниясы басқаратын консорциум салады. Ресейлік компания Өзбекстандағы АЭС құрылысын да жүзеге асырады.

Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымалының әлеуетін арттырады

Соңғы жаңалықтар