13 Шілде, 2011

...Орталық «Болашақ» деп аталады

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс орталығында ор­на­лас­қан Павлодар аудандық ем­ханасында жастарға арналған денсаулық орталығы ашылды. Облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының бастығы Ар­дақ Кү­­зековтің айтуынша, бұл орта­лық елімізде қабылданған “Са­ламатты Қазақстан” ден­сау­лық сақтау ісін дамыту мем­лекеттік бағдарламасын жү­зеге асыру барысында қол­ға алынды. Ал бұл орталықтың мақса­ты – жасөспірімдер, жастармен науқасқа шалдықпай тұрып, дені сау кездерінде дәрігерлер қа­былдап, олардың психология­лық, физио­логия­лық және әл­еу­меттік ерекшеліктерін ескеріп, тегін меди­циналық және пси­хологиялық көмек көрсетеді. Ашылу рә­с­і­міне мектеп дирек­торлары, психологтар қатысты. Орта­лық­та психолог, терапевт, гинеколог, уролог, тағы басқа да дәрігерлер жұмыс істейді. Қа­зірдің өзінде жаңадан ашыл­ған «Болашақ» атты жастар денсау­лығын сақтау орталы­ғы­на ауыл, қаладан келушілерді қабылдау басталды. Ор­талық жастар мен жасөс­пі­рімдерге жедел көмек көрсету үшін аудандарды да ара­лай­тын болады. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.