13 Шілде, 2011

...технопарктің кірпіші қаланды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеншілер қаласы Ақсай­да­ғы теңдесі жоқ бұл жаңа ны­сан­ды тұрғызуға «КПО б.в» компа­ниясы ұйытқы болып от­ыр. Бұл республикада қолға алынған тұңғыш қанатқақты жоба екені де көп жәйді аң­ғартады. Әсі­ре­се, ол қазақ­стан­дық үлесті көте­ру­ге ай­рық­ша септігін тигізбек. Ақсай индустриялық технопаркі құрылысының негізі – жоғары сапалы нысандар кешені мен қызмет түрлері бо­лып табылады. Жоба инвес­тор­лар­дың арасында Қазақстан жағы­ның шоқтығы биік болмақ. Технопарктің негізгі тіні – озық технологиялар мен маркетингтік әлеуеттер болып қала бермек. Мұндағы басты мақсат – жоғары технологиялық өнім өн­діруге мүмкіндік туғызу, – деді газет тілшісіне жаңа техно­парк­тің жәй-жапсары жөнінде Ба­тыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғұмар Дүйсембаев. Темір ҚҰСАЙЫН, Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы.