«Шынымды айтсам, бұл жекпе-жек әзірге біздің жоспарымызда жоқ. Джейкобс оңай қарсылас емес, сондықтан Головкиннің бар ойы 18 наурыздағы бокс кеші жайлы. Егер ол күні жеңіске жетсе, Сауль Альвареспен ортақ келісімге келгіміз келеді», – деді Леффлер.
«Сауль 6 мамыр күні кезекті ұрысын өткізеді. Ал Геннадийдің бар мақсаты – орта дивизиондағы титулдарының басын біріктіру. «Канелоға» қарсы жекпе-жегі осыған дейін өткізгендерінің ішіндегі ең айтулысы болар еді. Наурыз айында мақсатымызға жетсек, соңғы бес жылда армандап жүрген үлкен кездесулер өткізуге мүмкіндігіміз болады деп ойлаймын», – деді промоутер.
Айта кетейік, бірер күн бұрын британиялық БАҚ Головкин мен Сондерс биыл Астанада ЭКСПО кезінде айқас өткізетінін хабарлаған болатын.