13 Шілде, 2011

Мәскеудегі кездесу

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мәскеуде Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Курчатов институты» ұлттық зерттеу орталығының президенті Евгений Велиховпен кездесті. «Академик Е.Велиховпен термоядролық синтез туралы сөйлестім», – деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-дегі парақшасында. Кездесу барысында атом саласындағы қазақстандық-ресейлік ын­ты­мақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ Курчатов қаласындағы ғы­лыми зерттеулер бағдарламасы шеңберіндегі өзара іс-қимыл талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов РФ Есірткі айналымын бақылау жөніндегі Федералдық қызметінің төрағасы Виктор Ивановпен кездесті. * * * Осы күні Кәрім Мәсімов «Современник» театрына барып, А.Гри­боедовтың «Ақылдың азабы» пьесасы бойынша қойылымды тамашалады.