Бизнес • 09 Мамыр, 2017

Алматыда ет қымбаттап, қант пен жұмыртқа арзандап жатыр

253 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2017 жылғы сәуірде тұтыну бағаларының индексі наурызға қарағанда 100,8% құрады. Ақылы қызметтер бағасы мен тарифтері 1,4%-ға, азық-түлік тауарлары – 0,7%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 0,3%-ға өсті.

Алматыда ет қымбаттап, қант пен жұмыртқа арзандап жатыр

Азық-түлік тауарлары тобындағы бағалар серпініне 2017 жылғы сәуірде ет және ет өнімдері 2,2%-ға қымбаттады. Соның ішінде қой еті – 6,4%-ға, сиыр еті – 3,6%-ға, жылқы еті – 1,5%-ға, шошқа еті – 0,7%-ға, құс еті, шұжықтар және ет өнімдері – 0,3%-дан өсті. Балық және теңіз өнімдерінің бағалары – 1%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Алматы қалалық статистика департаменті.

Ұн 1%-ға, соның ішінде бірінші сұрыпты ұн – 3,3%-ға қымбаттады. Нан бағасы 0,7%-ға, бұған жоғарғы сұрыпты бидай ұннан піскен нан – 2,5%-ға, қара бидай-бидай наны – 2%-ға өсті. Кондитер өнімдерінің өсімі 0,9%-ды құрады. 

Аққауданды қырыққабаттың 10,5%-ға, пияздың – 10%-ға, картоптың – 9,4%-ға, сәбіздің – 4,1%-ға, қызылшаның – 3,5%-ға қымбаттауы байқалды. Ал, қызанақ пен қиярдың – 11-16,4%-ға арзандауы салдарынан балғын көкөністер 1,2%-ға арзандады. Жемістердің бағасы 0,4%-ға арзандады. 

Күріш 3%-ға, жармалар – 2,8%-ға, соның ішінде қарақұмық – 4,6%-ға, ұнтақ жармасы – 1,1%-ға, арпа жармасы – 0,7%-ға арзандады. Ал сұлы жармасы – 1,8%-ға, шикі сөк – 0,2%-ға өсті. Макарон өнімдері 1%-ға арзандады, бұған вермишель және қысқа түтікті кеспенің – 1,7%-дан арзандауы, ал кеспенің – 2,7%-ға өсуі себепші болды.

Сүт өнімдері 0,3%-ға, бұған шикі сүттің – 2,5%-ға, ұзақ сақталатын сүттің – 0,6%-ға, пастерленген сүттің – 0,4%-ға, қышқыл сүт өнімдерінің (йогурт, айран, қаймақ) – 0,3%-ға өсуі себеп болды. Ал ірімшік және сүзбе – 0,2%-ға арзандады. 

Май-тоңмай өнімдері 0,3%-ға қымбаттады, бұған зәйтүн майының – 1,5%-ға, күнбағыс майы және маргариннің – 0,4%-дан қымбаттауы себеп болды. 

Алкогольді сусындар бағасы 0,7%-ға, (коньяк – 1,4%-ға, арақ – 1,1%-ға, шарап – 0,9%-ға), алкогольсіз сусындар – 0,4%-ға, соның ішінде жеміс және көкөніс шырындары – 1,2%-ға, кофе, шәй, какао – 0,6%-ға қымбаттады. Салқындатқыш сусындар бағасы 1,2%-ға, минералды және ауыз су – 0,1%-ға арзандады. Табак өнімдері (фильтрлі сигарет) 0,3%-ға қымбаттады. 

Қант бағасы 2,8%-ға, жұмыртқа – 1,9%-ға арзандады. 

Өткен айға қарағанда азық-түлік емес тобындағы тауарлардың бағалары көліктердің – 1,6%-ға, ыдыстардың – 0,9%-ға, құрылыс материалдарының – 0,7%-ға, фармацевтикалық өнімдердің және жеке күтім тауарларының – 0,6%-дан, тұрмыстық текстиль бұйымдарының – 0,4%-ға, жуғыш және тазалағыш заттардың, тұрмыстық техниканың – 0,3%-дан, жиһаз және үйге арналған заттар, киім және аяқ-киімнің – 0,2%-дан бағалары өсті. 

Жанар-жағар май материалдарының бағаларынан дизелді отын – 0,3%-ға қымбаттады, А-92 маркалы бензині – 0,1%-ға арзандады. 

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер саласында тұрғын-үй коммуналдық кызметтері – 4,3%-ға, соның ішінде орталықтан жылыту – 10,6%-ға, ыстық су – 8,8%-ға өсті. 

Тұрғын-үйді жалға беру 2%-ға, соның ішінде жабдықталған тұрғын-үйді жалға беру – 2,7%-ға арзандады.

Көлік қызметтерінің тарифтері 0,7%-ға арзандады, бұл орайда ұшақтар билеттері – 10,1%-ға арзандады, ал алыс жол жүретін пойыздардың билеттері – 0,4%-ға қымбаттады.