15 Шілде, 2011

Дерек пен дәйек

251 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
56 700 000 000 Облыста биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында өңірлік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына бөлінген инвестиция көлемі осынша теңгені құрап отыр. Бұл күндері облыста осы мемлекеттік бағдарлама аясын­да 12 жоба іске қосылды. Осы жоба­лардың іске асуы арқа­сын­да 533 жаңа жұмыс орны аш­ыл­ды. Ал 2 жоба еліміздің ин­дус­трияландыру картасына енді. Оның бірі – қуаты 325 МВт құ­райтын Ақсу №2 жылу эл­ектр стансасының жаңа энерго­бло­гы, оны басқару жүйесі то­лық ав­томаттандырылды. Алғаш рет күлдің 99,9 па­йызын ұстап қалатын 5 сатылы электр сүзгісі орнатылды. Осын­дағы №2 блок іске қосылған соң, стансаның жалпы қуаты 2 425 МВт-ға жетті, қосымша 500 жаңа жұмыс орны құрылды. Екіншісі – Қазақстанның вагон жасау ком­паниясына қарасты Екібастұз­да­ғы жүк вагонда­ры­ның өндірістік кешені. Соны­мен қатар, «Қазақ­стан Алю­ми­нийі» АҚ-та №8 пеш тізбегінің құ­ры­лысы іске қосыл­ды. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы. 160 800 000 Соңғы алты айда мұнай саласы бойынша анықталған қылмыстық істер нәтижесінде мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымынан осынша теңге өндірілген. Осы іске қатысы бар «Керуен Модус Трейд» ЖШС басшы­сы­ның үстінен қылмыстық іс қозға­лып отыр. Мекеме бас­шы­сы Қа­ратау станциясы маңында ресми құжат­тарды заңсыз жолмен жасап, 44,9 миллион теңгеге баға­лан­ған 11 цистерна мұ­най­ды жеке мақ­са­тына пайдаланбақ бол­ған. Сон­дай-ақ, Белкөл ауы­лы­ның жаны­нан вагонға тиеліп жатқан 226,78 тонна шикі мұнай тәркіленген. Мұн­дай алаяқ­тық­пен «ТЕССОРО» ЖШС айна­лыс­қаны анықталған. Ержан БАЙТІЛЕС, Қызылорда облысы. 2 700 000 Ақтөбе қаласындағы тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын «Ақ Жол ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сатып алған «Дунфэн» маркалы төрт арнайы көліктің әрқайсысына осыншама теңге жұмсады. Серіктестікке қарасты 57 ар­найы көлік қаланың тұрмыстық қал­дықтарын полигонға шыға­ра­ды. Соңғы жылдары күнд­е­лік­ті шыға­рылатын қоқыстың кө­лемі де арта түсті. 2008 жылы 31 мың тонна қоқыс шығарылса, биылғы алты айда ғана 21 мың тонна тұр­мыстық қалдық по­ли­гонға жеткізілді. Қа­лада 120 контейнер ала­ңы бар. Серіктестік несиеге алған «Дунфэн» ар­найы көлігіне 17 тонна жүк кетеді. Жаңа техни­ка­ның сапасы ресейлік автокөлікт­ер­ден еш кем емес. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.