15 Шілде, 2011

Жаңа лагерь ашылды

559 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бурабайдағы «Приозерный» де­­м­алыс және сауықтыру орта­лы­ғын­да «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының, Білім және ғылым министрлігінің, пар­тия­ның Ақмола облыстық филиа­лының ұй­ымдастыруымен «Жастар – Отан­ға!» атты жастар саяси лагері аш­ылды. Салтанатты рә­сім­ге «Нұр Отан» ХДП Орталық ап­па­ратының, республикалық мем­ле­кеттік орган­дар­дың, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Жастардың бойында патриот­тық, интеллектілік, рухани және креативті капиталды қалыптас­ты­руды көздейтін лагерьдің мақсаты жөнінде «Жас Отан» жастар қана­тының атқарушы директоры Нұр­лан Өтешев, «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы төр­аға­сының бірінші орынбасары Ға­лым Шойкин, Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Марпуға Нұрпанова кеңінен әңгімеледі. «Жастар – Отанға!» саяси лагері – замана үрдісіндегі жаңа саяси технологияларды игеруге мүм­кін­дік беретін құрылым.Үш ауысым­да жұмыс істейтін лагерь­дің ау­қымды бағдарламасында бел­гілі қоғам және саяси қайрат­кер­лердің қатысуымен семинарлар, пікірталастар, сондай-ақ, мә­де­ни және спорттық шаралар өт­кізу жос­пар­ланған. Өткен үш жыл­да 2000-нан астам жастың ба­сын қосып, тә­жірибе алмасу ор­да­сына айнал­ған Ақмола облысы ла­герьдің базалық орталығы бо­лып жарияланды. Би­ылғы мау­сым­ға респуб­ли­камыз­дың барлық аймақтарынан 450 жас тартылып отыр. Бақберген  АМАЛБЕК, Ақмола облысы.