16 Шілде, 2011

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің МӘЛІМДЕМЕСІ

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Оң­түстік Судан Республикасын егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде ресми түрде танитынын мә­лім­дейді. Жаңа ұлттың құ­рылуы ұзақ әрі күрделі келіс­сөз­дер үдері­сінен туындаған айтулы жетістік. Қазақстан Республикасы Референдум және мемлекеттік құ­ры­лыстың тиісті кезеңдері бейбіт әрі өзара құрмет білдіру жолымен өтті деген халықаралық қауымдас­тық­тың пікіріне қосылады. Соны­мен қатар Қазақстан шешілмеген мәселелерді барлық қатысты та­рап­тардың қатысуымен бейбіт түр­де қарастырып, БҰҰ Қауіпс­із­дік Кеңесінің шешімдеріне лайық ортақ қорытындыға келуге бола­ты­нына үмітін білдіреді. Қазақстан Африкалық одақ, БҰҰ Бас хатшысы, «Үштік» ара­аға­йын­дары мен әлемнің барлық түк­піріндегі көптеген достар мен әріп­тестердің осы тамаша жетістікке қол жеткізу жолында атқар­ған жұ­мыстарына өз құрметін көрсетеді. Қазақстан Оңтүстік Судан жаңа тәуелсіз мемлекетіне бейбіт және гүлденген болашақ құру жолында сәттілік тілейді. Астана, 15 шілде 2011 жыл.
Соңғы жаңалықтар

55 жыл жасаған «Садзаэ ханым»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

98 түрлі «Күлше қыз»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Қардан мүсін тұрғызды

Өнер • Бүгін, 07:40

382 тілде сөйлеген «Кішкентай ханзада»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35