16 Шілде, 2011

Ұяты жоқ ұрылар

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұл алаяқ жандарға дауа жоқ екен ғой. Олардың қайсыбірі зей­нет­ақысымен жан бағып отырған зейнеткерлерге ауыз сала бас­тап­ты. Олар осы мақсатпен қой терісін жамылған қасқырға ұқсап, иықтарына адам арашашысы атан­ған дәрігерлердің ақ халатын іліп алады екен де, зейнет­кер­лер­дің есігін қағатын көрінеді. Сонан соң анализді үйден алып кетуге келдік деп өзінше қамқор­лық танытатынын қайтерсіз. Осы сөзге құдайдай сенген бір кейуана бұлар ұсынған құ­ты­ны қолға алып әжетханаға кіріп кеткенде, алаяқтар шкаф ішінде тұрған 260 мың теңгені үптеп үл­гереді. Келесі жолы тағы да осы тәсілмен екінші бір әжейді та­қыр­ға отырғызбақ болғанда жол­да­ры кесіледі. Яғни, үй иесі сақтық танытып, сақшыларға хабар беріп үлгереді. Қазірде оларды іздестіріп жа­тырмыз дейді ішкі істер қыз­мет­керлері. Әзірге белгілі жәйт сол, мұның екеуі де жастары 20-25-тегі «арулар» көрінеді. Бірі азия­лық, екіншісі еуропалық ұлт өк­іл­дері болып табылатын олардың бой мөлшері де іздестірушілерге мә­лім. Зейнеткерлерді зар қақсат­қан алаяқтар көп уақыт өтпей жа­тып қолға түсетіндігіне сенім зор. Ұрыда ұлт та, ұят та бол­май­ды деген осы екен. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ , Семей.
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025