16 Шілде, 2011

Жайлы пәтерлерге ие болды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс орталығында 126 пәтерлі 9 қабатты үй пайдалануға беріліп, петропавлдықтар үлкен қуа­ныш­қа бөленді. Оның ашылу салтанатына аймақ бас­шысы Серік Біләлов қатысып, қоныста­ну­шы­лар­ға пәтер кілттерін  табыс етті. Қаланың шеткері «Юби­лей­ный» шағын ауданында бой көтерген жал­герлік-коммуналдық баспана алдымен көп балалы отба­сы­ларға, ауған соғысы мен Чернобыль апатын жоюға қатысушыларға, мүгедектер мен ата-ананың қамқор­лығынсыз қалған жандарға, бюд­жеттік сала қызмет­кер­леріне берілді. Бұл күні баспана кезегін 20 жылдан аса күткен интер­на­цио­налист-жауынгер Валерий До­лининнің қуаны­шында шек болған жоқ. Сол сияқты Кенжебаевтар мен Сироткиндердің көп балалы отба­сылары да  жайлы пәтерлерге қоныс­тан­ды.  Қоныс­та­ну­шылар атынан мүгедек жан Мархаба Сыздықова сөз алып, Елбасына деген ризашылық сезімін білдірді. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.