16 Шілде, 2011

Кеше...

436 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
...жылжымалы емхана Томарлыға келді Ауылдағы тұрғынның бәрі бір­дей қаладағы дәрігерлерге кө­рінуге бара алмайды. Әсіресе, қа­ладағы емдеу орындарына қа­ты­нау үлкендерге қиын. Міне, ос­ындайда ауылдардағы қария­лар, түрлі санаттағы мүгедектер үшін жылжымалы емхананың көмегі зор. Кеше «Нұр Отан» ХДП Аты­рау қалалық филиа­лы­ның ұйым­дастыруымен жылжы­малы емхана Томарлы ауылына келді. Жыл­жымалы емхана мең­герушісі Мей­рам Төлеповтің ай­туынша, ауыл тұрғындарына жү­рек, көз, құлақ сырқаттарын емдейтін дәрігерлер қызмет көрсе­теді. Сондай-ақ, емханада тіс емдеу, гинекология, терапевт, уль­традыбыстық аппарат, репродуктивтік денсаулық сақтау кабинеттері бар. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.   ...Қарабұлақта наубайхана ашылды «Санжар» фирмасы Ескелді ауданында жаңа наубайхана аш­ты. Күніне он мың бөлке нан пісірген кәсіпорын жаңа технологиямен ас атасы – нанның бірнеше түрін пісіруді қолға алды. Наубайхананың ашылуына об­­лыс, аудан басшыларымен бірге тұр­­­ғындар қатысты. Мұнда тәу­лі­гіне мың жарым тонна ұн өң­делсе, жоғары сапалы нан пісіру үшін жоғары сортты ұн пай­да­ла­нылуда. Түркиялық құрал-жаб­дық­­пен жа­рақтандырылған кә­сіп­ор­ын­да 40 минутта ғана 192 бөлке дай­ын нан шығаруға мүмкіндік бар. Жаңа технологияның және бі­лікті мамандар көмегімен 30 түр­лі нан өнімдері дайындалуда. Өн­ім­ге деген сұраныс күн сайын арт­­қандықтан, наубайхана Тал­ды­­қор­ғандағы 285 сауда нүкте­ле­рі­мен байланыс орнатып үлгерген. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.   ...Футбол алаңы пайдалануға берілді Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев қаладағы Төле би кө­ше­сіндегі 91-үйдің аула­сын­да пай­далануға берілген ша­ғын футбол алаңында болды. Гол­ландияның жа­санды жамыл­ғысы төселген ол бүлдіршін­дер­дің доп қу­уына дай­­ын екен. Жа­сыл жамыл­ғы­ның көлемі 22х44 метр және айна­ла­сы 5 метрлік биік шар­бақ­пен қоршалған. Жобалық құны 7 млн. 350 мың тең­ге болатын бұл тарту облыстық футбол федерация­сы­ның қаражатына салы­нып­­­ты. Өт­кен жылы Тараз қала­сында ос­ындай 4 алаң пайдалануға бе­рілген бо­латын. Алдағы уақытта облыс бой­ын­ша 13 шағын футбол алаңы салынбақ. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.
Соңғы жаңалықтар