19 Шілде, 2011

Қарымта қайтару мүмкіндігі

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16 тамыз күні «Астана-Арена» стадионында Қазақстан мен Сирия құрамаларының жолдастық кездесуі өтеді. Бұған дейін үш рет кездескен командалардың ойынына ұлттық құраманың бас бапкері Мирослав Беранек жан-жақты дайын­далуда. Өйткені, осы үш ойын­ның бәрінде біздің құрама қар­сыластарынан есе жіберген еді. Екі ел құрамаларының алғашқы ойыны 1995 жылы 21 маусымда Дамаскіде Азия кубогының іріктеу кезеңінде өткен. Осы ойында алаң иелері Қазақстанды 2:0 есебімен ұтса, Алматыда өткен қа­рымта кездесуде де қонақтар біз­дің құраманы 1:0 есебімен жеңіп кетті. Соңғы үшінші матчта да алаң иелерінің асығы ал­шы­сынан түсті. Иорданияда өткен жолдастық кездесуде Сирия Қа­зақ­станды 4:0 есебімен жең­ген болатын. Енді біздің құрамаға есемізді қайтаратын кезі келді деп ойлай­мыз. Кешегі Әзербай­жан­мен болған ойында жеңіске жет­кен Мирослав Беранектің ко­мандасы өз алаңында Сирия­ны да же­ңе­тініне  сенгіміз келеді. Бір айта­тын нәрсе, осы ойын­ға «Егемен Қазақстан» га­зетінің соңғы нөмі­рінде Гол­лан­дияның «Волендам» клу­бын­да өнер көрсететін қанда­сы­мыз Мұрат Өнал шақырылса екен деген тілегіміз бар. Біздің осы тілегімізді Қазақстан футбол федерациясының жұмы­сы­на жа­қын жүретін газет оқыр­мандары федерация басшы­лығына жеткізсе деген ниетіміз деп біліңіздер.