19 Шілде, 2011

Ынтымақтастыққа ынталылық

315 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Сыртқы істер министрлігінде ведомствоның баспа­сөз хат­шы­сы Ілияс Омаровтың қатысуымен брифинг өтті. Ілияс Омаров алдымен 18-20 шілде аралығында еліміздің Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың Бельгия Корольдігіне, Ұлыбритания және Сол­түс­тік Ирландия Біріккен Корольдігіне, Германия Федеративтік Респуб­ликасына ісса­па­ры­ның маңыздылығы­на тоқтал­ды. Оның айтуынша, бұл еу­ропалық тур­не ая­сында қазақстандық сыртқы сая­си ве­домство­ның басшысы өзінің бельгия­лық, ұлы­бри­таниялық және германия­лық әріп­тестерімен кездесіп, аталған елдермен саяси, сауда-экономикалық және инвести­ция­лық са­лалардағы байланыс­тарды тал­қы таразысына салатын көрі­не­ді. Сапар барысында аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелері де назардан тыс қал­майды. «Қазақстан Сырт­қы істер ми­нистрі­нің еуропалық әріптес­терімен өз­ара талқыға салатын тағы бір мәселе бар. Ол Елбасының тапсырмасы­мен қол­ға алы­­­нып, жүзеге асырылып отыр­ған «Еу­ро­­па­ға жол» мемлекеттік бағ­дарламасы. Сон­­дай-ақ, сапар шеңбе­рін­де жоғары жә­не өте жоғары дең­гейлердегі кездесулерге де көңіл бөлінбек», деді баспасөз хатшысы. Дәл осы күндер аралығында Вашингтонда Америка Құрама Штат­тары­ның Мемлекеттік департаменті өкіл­дері­мен қазақстандық-америкалық кон­сул­дық консультациялары да өт­кізіл­мек. Бұ­ған Қазақстан Сыртқы істер ми­нистр­лігінің жауапты хатшы­сы Р. Жо­шыбаев бастаған делегация қатысады. Делегация құрамында Сырт­қы істер министр­лігінің және АҚШ-тағы Қазақ­стан ел­ші­лігінің қызметкерлері, еліміз­дің мемлекеттік органдарының өкілдері бар. «Кездесу барысында адамдарды жауап­қа тарту бойынша, сондай-ақ, жо­ғал­ған және ұрланған құжаттар туралы (АҚШ елшілігі мен Интерпол арқылы) ақпарат алмасу, электронды құжат­тар­ды енгізу, азаматтық мәселесі, соның ішінде рәсімдік құжаттарды дайындау, жеке құжаттарды куәландыру, халық­ара­лық бала асырап алу, инфрақұры­лым­дық ше­ка­ра­ларды күзету секілді мәселелер тал­қы­ланбақ», деді ведомство өкілі. Бұл күнгі брифингте тағы белгілі бол­ғаны, 22 шілде күні БҰҰ Бас хатшы­сы­ның арнайы өкілі, БҰҰ аймақтық орта­лы­ғының басшысы, елші Мирослав Енча­ның Астанаға іссапармен жолы түс­пек. Алдын-ала жоспарланған кездесулер барысында Қазақстан мен БҰҰ ара­сын­дағы ынтымақтастық болашағы, Орталық Азия аймағында бейбітшілік пен тұрақ­ты­лықты қамтамасыз етудегі үдерістер, Ауғанстандағы жағдайдың Орталық Азия­ға әсері, ШЫҰ Саммитінің шешімдерін аймақта іске асыру, Қазақстанның ИЫҰ-ға төрағалығы мәселелерін талқы­лау көзделіп отыр. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.