Қарағандының Майқұдық аталатын бөлігінде орын тепкен «Green Technology» ЖШС қанаты астында 3 гектар аумақты қамтыған жаңа жылыжай жобасы облыстық әкімдік пен «Қазагрофинанс» ұлттық холдингі арасында орнатылған әлеуметтік әріптестік нәтижесінде іске асқан болатын.
Аталған серіктестік директоры Александр Забиров ортаға салғандай мұнда негізінен қияр өсіріледі екен. Ол өндіріле бастағаннан бері 400 тоннасы тұтынушыларға жөнелтілген. Жалпы алғанда межені жылына 2 мың тоннаға жуықтату көзделген.
Шындығын айтқанда қазір өңір тұрғындарының көкөністің қай-қайсысына қолдары жетімді. Тек қыста азайыңқырап, бағасы күрт шарықтап кетер шақтары бар. Біріншіден, бұдан былай қарай оның алды алынатын болса, сонымен бірге, оңтүстіктегі көрші мемлекеттерден, Қытайдан жеткізілетін экологиялық тазалығы күмәнділеу, сапасы беймәлім өнімдерді алмастыруға ықпалын тигізеді. Бұл күнде қарағандылықтар сияқты астаналықтар да дәмділігі мен сақталуы алыстан әкелінетіндерден әлдеқайда жоғары Қарағанды қиярын алдымен сатып алуға ұмтылуы өтімділігіне жол ашықтығын көрсетеді. Мұнымен қоса бағасы да көпшілік қалтасына қолайлы. Мәселен, бір килосы 130-140 теңгеден сатылып жүр.
Майқұдықтықтарға бір қуаныштысы, осында еңбектену біраз тұрғындарды айналып өткен жоқ. 50-ден астам азаматтың енді тұрақты жұмыс орны бары соған айғақ. Ал олардың дені өсімдік өсіруге алақандары аялы қыз-келіншектер.
Бұл жылыжайдың бастапқы қадамы саналады. Алдағы уақытта аумағын кеңейтіп, жұмыс ауқымын ұлғайтуға бағытталған іс-шаралар жетіп артылады. Соның ішінде өнім түрлері көбейтіледі. Таяудағы жылдарда оны Орталық Қазақстан аймағындағы ең ірі жылыжайға айналдыру басты мақсат.
Бұған дейін Балқаш қызанағымен, Көксу картобымен, Құлайғыр сәбізімен белгілі болып келсе, Қарағанды қиярымен өңір мәртебесі көтерілмек. «Green Technology» осы жолда бәсекелестерді ығыстырып, алысқа таныла алатындығына сенімді.
Айқын НЕСІПБАЙ,
Қарағанды.

Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:54
GGG-дің жаңа белесі: Тоқаев тарихи жетістікпен құттықтады
Спорт • Бүгін, 18:12
Қазақстан IT алпауыттармен 10 миллиард долларлық келісімдер пакетіне қол қойды
Үкімет • Бүгін, 18:09
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Бүгін, 17:58
Жапония Гренландиядағы сирек кездесетін металдарды игеруі мүмкін
Әлем • Бүгін, 17:52
Қостанай облысындағы қайғылы жағдай: Немересі мен атасы суға батып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:49
«Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 17:43
Альпі тауларында үш күнде 10 альпинист қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:28
Ақсу қаласындағы зауыт аумағынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 17:23
16 мыңнан астам сотталған адамға рақымшылық жасалады
Заң • Бүгін, 16:48
АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 16:34
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:32
«Реал Мадрид» Марк Кукурельяны қатарға қосты
Футбол • Бүгін, 16:20
Нұрлы жол – Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:14