Содан кейін Президент Әкімшілігінің Басшысы облыстық актив жиналысына қатысты. Аслан Мусин актив жиналысына қатысушылар алдында Елбасы Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықовтың басқа қызметке ауысуына байланысты жұмысынан босатылғанын, ал оның орнына Архимед Мұхамбетовтің тағайындалғанын мәлімдеді. Аслан Есболайұлы өз сөзінде Елеусін Сағындықовтың облысты басқарған жылдары өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуына өзіндік үлес қосқанын, бірталай шаруаларды тындыруға бастамашы болғанын атап өтті. Оған Елбасы атынан рахмет айтты. Бұған дейін Ақтөбе қаласын үш жыл басқарған Архимед Мұхамбетовтің ақтөбеліктерге жақсы таныстығын да жасырмады. Өз кезегінде сөз алған Елеусін Наурызбайұлы облыстың ел экономикасындағы жетекші рөл атқаратынына тоқтала келіп, көптеген көрсеткіштер бойынша ілгерілеуге қол жеткізілгенін тілге тиек етті. Өзі өңір тізгінін қолға алғаннан бері Елбасы тарапынан ұдайы қолдау көрсетілгенін, жергілікті билік те өздеріне берілген тапсырманы абыроймен орындағанын жеткізді. Ақтөбеліктердің бірлігі мен ынтымағы талай табысты жобаларды жүзеге асыруға алғышарт жасағанын айта келіп, осы жылдарда ынтымақтаса жұмыс істегендері және қолдап отырғандары үшін жерлестеріне ризашылығын білдірді.
Жаңа тағайындалған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзіне көрсетілген Елбасы сенімін ақтайтынын, қолдау білдірген жерлестерін жерге қаратпайтынын жеткізді.
Актив жиналысында сөз алған еңбек ардагерлері, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымның төрағасы Кемейдолла Төлеубай, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Федор Чемоданов, «Бейбітшілік және келісім» кеңесі облыстық филиалының төрағасы Келдібай Еспағамбетов, Елеусін Сағындықовқа өңір тізгінін қолға алған кезеңде атқарған жұмыстары үшін алғыс сезімдерін білдірсе, жаңадан тағайындалып жатқан облыс әкімі Архимед Мұхамбетовке жаңа қызметінде табыс, сәттіліктер тіледі.
Актив жиналысын қорытындылаған Аслан Мусин өңірдің экономикалық мүмкіндігі мол екенін айрықша атап өтті. Елеусін Сағындықов облыс әкімі болып тұрғанда біраз шаруалардың тындырылғанын алға тартты. Алайда, облыс экономикасының 80 пайызы тау-кен, мұнай өндіруге тәуелді болып отырғанын, егіншіліктің құрылымын өзгерту қажеттігін, ауылдық жерлерді ауыз сумен қамтамасыз етудің кенже қалғанын, жергілікті жолдардың жөндеу күтіп тұрғанын өзекті мәселелер ретінде көтерді. Әсіресе, қылмыскерліктің кемімей отырғанын, оның ішінде ауыр қылмыс жасаушылықтың белең алғанын, дін мәселелерінде де түйткілдер бар екенін қадап айтты. Ол осы және басқа да өзекті мәселелерді шешуге жаңадан тағайындалған облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің іскерлігі мен біліктілігі, қарым-қабілеті жететініне сенім білдірді. Бұған дейін Ақтөбе қаласын үш жыл басқарған жаңа әкімнің тәуелсіздік жылдары шыңдалған басшылардың жаңа толқынына жататынын еске салды.
Содан кейін Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин құқық қорғау органдары басшыларымен жиын өткізіп, бұл бағыттағы Елбасы тапсырмасын жеткізді, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.

Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Бүгін, 15:25
Аймақтар • Бүгін, 15:10
Каспий теңізінде ағын алып кеткен 2 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 14:29
«AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» қатарына қосыла ала ма?
Қоғам • Бүгін, 14:00
Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 13:38
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
Саясат • Бүгін, 13:13
Астанада «Әділет» партиясының II Съезі басталды
Саясат • Бүгін, 12:45
Эбола безгегінен қаза тапқандар саны 149-ға жетті
Әлем • Бүгін, 12:21
Қазақстан және Ресей шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды
Экономика • Бүгін, 11:47
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 11:32
Австралия құрамасы Түркияны 2-0 есебімен ұтты
Спорт • Бүгін, 11:12
Қытайдағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар қос алтынға қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 10:59
Қазақ сәулет өнерінің көрнекті өкілі Алмас Ордабаев өмірден озды
Қоғам • Бүгін, 10:39