26 Шілде, 2011

Жетім көрсең жебей жүр

537 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Ақтөбеде жасөспірімдер мен балалар үйлерінің тәр­биеленушілерін баспаналы етудің өнегелі бастамасы осы­дан үш жыл бұрын өмірге келген болатын.   Қа­­шанда  адамгершілік пен аза­маттықты жоғары қоя­тын облыс әкімі осы қа­ғиданы берік ұстануға мұ­рындық болды.  Ол жетім, ата-анасының қамқор­лы­ғын­сыз қалған балаларға тұрғын үй алу үшін «Тұр­ғын­үйжи­нақ­банкі» акционерлік қоғамы­ның Ақтөбе филиалында есепшоттарын ашуға қар­жы­лай көмек көр­сетіп, мүм­кіндігінше бюджеттен бөлі­нетін пәтер­лерден де қарасу жолдарын шешуде. Алғаш­қыда балалар үйінің бес тәрбиелену­шісіне тұрғын үй алу үшін әрқайсысына осы банктің Ақтөбе филиалынан 250 мың теңгеден, жалпы со­масы 1250 мың теңге қар­жы аударылған болатын. Мұндай қайрымдылық қа­дамы сәтті жалғасын тапты. Жасөспірімдер үйінің жеті тәрбиеленушісінің осы банк­­тегі есепшотын толық­ты­руға 10220 мың теңге салынып, нәтижесінде «Бо­ла­шақ» шағын ауданынан жеті пәтер сатып әперілді. Бұл он алты жетім жасөспірімнің баспаналы болуы­на мүмкіндік берді. Еліміздің тәуелсіздік күні қар­саңында  жасөспірімдер үйінің та­ғы да он төрт тәрбиеленушісіне осы банктен  тұрғын үй есеп­шоттарын ашу үшін бастапқы жарналарына 14 млн. теңге са­лын­ды. Сөйтіп, олардың әрқасы­сы­на 1 млн. теңге бөлінді. Сон­дай-ақ, алты тәрбиеленушіге тұр­ғын үй сатып алуға 5864212 теңге берілді, сегіз тәрбиеленушіге ке­лісім-шарт­тағы қаржыларын то­рық­ты­руға 3203803 теңге салын­ды. Отыз екі тәрбиеленушінің есепшот­та­рын ашуға және қа­жетті қар­жыларын толықтыруға 6400 мың тенге бөлінді. Осындай қолдаудың арқасында  жас­өспі­рім­дер үйінің тәрбиеленушілері отбасылы Юрий Васильев пен Галина Рубцова бір бөлмелі пәтерге, Талғат Төлегенов  пен Ирина Ес­құлова  үш бөлмелі пәтерге қол жеткізді.  Наурыз мерекесі қар­са­ңында Жасөспірімдер үйінің тү­лектері жас отбасылы Азамат Дал­банов пен Рыстыгүл Құман­ғалиев бір бөлмелі жалдық пә­терге ие болды, Артем Хо­ды­ревке, Алға облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі Анна Девятина мен Темір отбасылық балалар үйінің түлегі Елена Шы­хоринаға мемлекеттік тілді жетік білгені үшін пәтер берілді. Үстіміздегі жылы сәуір ай­ын­да облыс әкімдігі «Тұрғын­құ­ры­лысүй­жинақбанкі» АҚ-қа алғаш­қы жар­налары бар облыстық Жас­өспі­рімдер үйінің тәрбиелену­шілеріне тұрғын үй алуға 15 миллион теңге бөлді.  Бұл қаржы жетім бала­лар­дың «Тұрғынқұры­лыс­­­үйжинақ­банкі» акционерлік қо­ғамындағы есепшот­тарында тұр­ғын үй алуға жи­налған қар­жыларын толықты­руға және 32 тәрбиеленушіге жа­ңадан есепшот ашуға аударылды. Облыс әкімі  бұл істі бір мезгілдік шара деп қарамай, ұдайы назарда ұстап келеді. Кезінде өз қолынан бір бөлмелі пәтердің кілтін алған жас жұбайлар Максим Чебохин мен Әсел Мүлканованың кішкентай Тимофейді тәрбиелеп жат­қанын ескеріп, жақында екі бөлмелі пәтердің кілтін тап­сыр­ды. Жас отбасының жаңа пәтерін өз қаржысы есебінен  жаңа жихазбен жабдықтады. Сонымен қатар өңір басшысы «НұрОтан»ХДП облыс­тық филиалының  залында об­лыстық жасөспірімдер үйінің оның 27 тәрбиеленушісінің  «Тұр­ғынүйжинақбанкі» акционерлік қо­ғамы Ақтөбе филиалындағы тұр­ғын үй есепшоттарындағы қар­жыларын толықтыруға әрқай­сысы үшін 300 мың, жалпы со­масы 8100 мың теңге аударыл­ғанын рас­тайтын сертификат тапсырды. №13 Жайсаң кәсіптік лицейінің түлегі Айгүл Нұржа­нова бір бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды. Балалар және жасөспірімдер үйлерінің тәрбиеленушілерін бас­паналы ету мақсатында олардың есешоттарындағы қаржыларын толық­тыруға  соңғы үш жылда 57138 мың теңге бөлініп, осының нәтижесінде осы кезге дейін 14 пәтер сатып алынған екен. Халқымызда «Жетім көрсең, жебей жүр» деген аталы сөз бар. Мұндай қайырымдылық алда да жалғаса береді. Оған  ірі компаниялар мен кәсіпкерлерді тартып отырмыз. Өздеріңіз де қарап қал­май, еңбек етіп, қаржы жинауға ты­­ры­сыңыздар. Біздің тарапы­мыздан қолдау-көмек үзілмейді. Елбасы жас­тарға сенім артады. Ел ертеңі сіз­дердің қолдарыңызда. Берілген мүм­кіндікті пайдаланып, кәсіби білікті маман болуға тал­пыныңыздар, өмір­ден өз орын­дарыңызды табуға  ұмты­лыңыз­дар, – деді өңір басшысы. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.