26 Шілде, 2011

Сапар қорытындысы баяндалды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Сыртқы істер министрлігінде аталған ведомствоның бас­пасөз хатшысы Ілияс Омаров журналистер үшін брифинг өткізді. Онда ол Сыртқы істер ми­нис­­трлігінің жауапты хатшы­сы Р.Жо­шыбаев бастаған қазақ­стан­дық делегация өкілдерінің Ла­тын Амери­касының бірқатар елі­не жасаған сапарының қоры­тын­­дысы жөнінде баяндап берді. «Биылғы жылғы шілде айы­ның екінші жартысында қазақ­стандық делегация Сырт­қы істер министрлігінің жа­уапты хатшысы Рәпіл Жошы­баевтың жетекшілігімен Латын Америкасы­ның бір­қатар елінде болды. Сапар бары­сында Бразилия, Мексика, Вене­суэла және Гайана елдерінің сырт­қы саясат ведомство­лары бас­шы­ла­рымен өз­ара келіс­сөздер жүр­гізді. Екі­жақ­ты келіс­сөздер кезінде түрлі саладағы, оның ішінде саяси және эконо­микалық ынты­мақтас­тықтың бола­шағы ғана талқы­ланып қойған жоқ, отандық дипломаттар Мемлекет басшысы­ның тапсырмасына орай, шетелдік әріптестерінің наза­рына Астанада «ЭКСПО-2017» дүние­жүзі­лік көр­месін өткізу жө­ніндегі өз тапсы­рыс­­тарын ұсын­ды», деді І. Омаров. Өзінің сөзінде І.Омаров отан­дық дипломатия өкілдерінің шетелдік әріптестерімен болған кездесулері кезінде қол жеткізген уағ­далас­тықтары жайында баяндап берді. Оның айтуынша, шетелдік дипломаттар «ЭКСПО-2017» ая­сында өткізу жос­парланып отыр­ған «Бола­шақтың қуаты» тақы­рып­тық көрме­сін айрықша қуаттаған. Бұл күнгі брифинг аясында бас­пасөз хатшысы сонымен қатар, елі­міздің Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың Норвегияда орын алған қайғылы жағдайға бай­ланысты осы ел Корольдігінің сырт­­қы істер министрі Йонас Гар Стереге көңіл айту жеделхатын жол­дағанын айтты. Кездесу барысында І. Омаров журналистерді қызықтырған өзге де сауалдарға жауап берді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.