27 Шілде, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №802

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 15 шілде,  Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 1-бабының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Ақпараттық - есептеу орталығы» акционерлік қоғамы мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ.