02 Тамыз, 2011

«Өркен» гранттары – дарынды балаларға

677 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Білім және ғылым министрі Ба­қытжан Жұмағұловтың төр­аға­лы­ғы­мен Қазақстан Респуб­ликасы Тұнғыш Президенті «Өр­кен» білім грантын тағайын­дау жөніндегі республикалық комис­сия­ның оты­ры­сы болып өтті. Республикалық комиссия үс­ті­міз­дегі жылдың маусым айы­ның орта­сында өткен байқаудың қоры­тын­ды­сын шығарды. Сонымен бірге жиында оқу­шы­ларды 7 сы­ныпқа іріктеу бай­қа­уы­­ның қоры­тындысы бо­йын­ша та­лап­кер­лер­­дің резервтік тізімі бекітілді және оқушыларды 8-10 сыныптардағы ва­кант­­тық орындарға іріктеу үшін қо­сымша байқау өткізу шешімі қабыл­данды. Басқосуда министр Мемлекет басшысының талапкерлерді мөл­дір­ әрі сапалы іріктеуге айрық­ша мән берілуін тапсырғанын атап өтіп, Назарбаев зияткерлік мектептерінде қалыптасқан жаңа стандарттар мен оқыту  әдіс­теме­лері уақыт өте бүкіл білім беру жүйесіне енгізілетінін айтты. Тағы бір айта кететін жайт, кон­курс­тық іріктеуге 2583 оқушы қатыс­қан болса, комиссия мүше­лері­нің қа­рауына білім беру гран­тын тағайындау үшін 945 үміт­кер­дің материалдары ұсынылған екен. Соған орай, респуб­ли­калық комиссияның шешімі бойын­ша 833 үміткерге грант тағайында­лып, 112 оқушы биылғы жылы тұңғыш рет құрылып отырған резервті тізімге енгізілді. Ваканттық орын пайда болған жағдайда резервті тізімдегі оқушылар оқу жылының ішінде қосымша кон­курстық іріктеуге қатыспастан Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға шақырылады. Назарбаев зияткерлік мектебіне Талдықорған, Семей және Астана  қа­ла­ларында физика-ма­те­­ма­ти­калық ба­ғыттағы кон­курс­тық іріктеу екі кезеңде өт­кізілді. Биыл Көкшетау, Талды­қорған, Өске­мен, Семей қалала­рын­да алғашқы рет іріктеудің бірінші кезеңі компьютерлік тестілеу түрінде өтті. Компьютерлік тестілеу кон­курс­тық  іріктеудің тиімді, ал ем­тиханның ашық және объек­тивті өтуіне жағдай туғызды. Кон­курс­тың екінші кезеңіне өту үшін жо­ғары бал­дың 40 пайызын алу керек болды. Екінші кезеңде талапкерлер мек­тептің физика-математи­ка­лық немесе  химия-биологиялық бағыт­тағы бақылау жұмыстарын орындады. Бақылау жұмыстары ең жоғарғы 30 балмен баға­лан­ды, порогтік балл 30%-ды құрады, яғни 9 балл болды. 2009 жылдан бастап Қазақ­стан­­ның әртүрлі аймақтарынан 11 000 бала тестілеуден өтті . Оның ішінен Назарбаев зияткерлік мектептерінде 3 638 бала оқиды. «Егемен-ақпарат».