Оқиға • Бүгін, 17:32

Ski Patrol қызметкерлері қар құрсауында қалып қойған екі адамды аман алып қалды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Shymbulak тау курортының Ski Patrol қызметкерлері Шымбұлақ өзені маңында қар көшкіні астында қалған фрирайдерді құтқарды, деп жазады Egemen.kz

Ski Patrol қызметкерлері қар құрсауында қалып қойған екі адамды аман алып қалды

Екі фрирайдер ескерту белгілерін елемей, қары тапталып арнайы дайындалған жолдардан тыс жерде сырғанауға шыққан. Әп-сәтте қар көшкіні жылыстап, демалушылардың бірі қалың қар астында қалып, шыға алмай қалған.

Құтқарушылардың айтуынша, сол күні курорт аумағында қар көшкінінің алдын алу мақсатында жасанды жолмен қар түсіру жұмысы жүргізілген. Алайда курорттан тыс кейбір учаскелерде қалың қардың көбесі сөгілген.

«Қонақтардың көпшілігі дайындалған трассаларда сырғанап, ережелерді сақтайды. Дегенмен көшкін қаупі жоғары кезеңде белгіленген аймақтардан асып, тиым салынған беткейде сырғанау қар көшкіні жүру ықтималдығын арттырады. Сондықтан барынша қауіпсіздікті күшейту мақсатында бірқатар трассаларда сырғанауды уақытша шектедік», дейді шаңғы патрулі және көшкін қауіпсіздігі қызметінің жетекшісі Виктор Львов.

Курорт аумағынан тыс жерде көшкін астында қалған райдер туралы ақпаратты зардап шеккен адамның серігі хабарлаған. Ол оқиға жөнінде дереу арқанжол операторына жеткізген. Мәлімет бірден курорттың Жедел басқару орталығына түсіп, құтқарушылар бекітілген регламентке сәйкес жедел әрекетке көшіп, дер уақытында жетті.

Зардап шегушіні құтқару операциясы барысында қар көшкінінің қайта жүру қаупі де болды. Шаңғы патрулі және көшкін қауіпсіздігі қызметінің жетекшісі Виктор Львов топтың іс-қимылын бақылап, жағдайды қадағалап асқан әбжілдікпен әрекет етті.

SOS сигналы ажалдан арашалады: Алматы тауларында жартаста тұрып қалған азамат құтқарылды

Омбы қардың астында қалған 15 жылдық тәжірибесі бар райдер Денис Бабков болып шықты. Ол сол күні қауіп-қатерді жете бағамдамай, ескертулерге салғырттықпен қарағанына өкінішін де білдірді.

«Бүгін мен үшін екінші туған күн. Он бес жыл бойы сырғанап жүріп, дәл бұлай болады деп ойламаппын. Аңдаусызда трассадан шығып кетіп, жаңа жауған қалың қарға мелдектеп қалдым. Шаңғымды ағытып, орнымнан көтеріле бергенімде, үстімнен көшкін жүрді. Адамдарды көріп тұрасың, бірақ бір сәтте қозғала да, дем ала да алмай қалады екенсің. Бұл – өмір мен өлімнің арасындағы санаулы секундтар. Құтқарушыларды құшақтап, еріксіз жыладым», дейді жапа шеккен демалушы.

Қазақстан ТМД-да алғашқы: Құтқарушылардың бірыңғай ведомствоаралық радиожелісі іске қосылды

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша қала бар?

Қазақстан • Бүгін, 17:02