Қоғам •

Масаң күйде шомылған ер адам суға батып кете жаздады

1 мин
оқу үшін

Семейде құтқарушылар судағы қайғылы оқиғаның алдын алды. Қаладағы «Заря» коммуналдық жағажайын патрульдеу кезінде ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағалаудан шамамен 20 метр қашықтықта мас күйде суда жүрген 1991 жылы туған ер адамды байқады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Масаң күйде шомылған ер адам суға батып кете жаздады

Құтқарушылар ер адамды дереу жағаға жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ. Осы орайда Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарына ескерту жасады.

«Масаң күйде суға түспеңіз. Ішімдік зейінді төмендетіп, әрекет ету жылдамдығын баяулатады және судағы жазатайым оқиғалардың қаупін едәуір арттырады. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, су айдындарында жауапкершілікпен демалыңыз», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Абай облысындағы Алакөлде анасы мен қызы суға батып кетті. Құтқарушылар тек қызды аман алып қалды. Әйел мен оның кәмелетке толмаған қызы тыйым салынған жерге шомылып, қатты желден туындаған толқын оларды жағадан алысқа алып кеткен.

Соңғы жаңалықтар