2011 жылғы 25 шілде, Астана қаласы
«Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 2 бұйрығының күшін жою туралы
«Нормативтік құқықтык актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына, 43-1-бабының 1-тармағына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық кесімдерді мемлекеттiк тiркеу ережесiнің 22-тармағына сәйкес бұйырыманы:
1. «Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 2 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5127 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 10 маусымда № 6 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко):
1) бір апталық мерзімде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және оның Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурстарда орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. ЖҰМАҒАЛИЕВ.