03 Тамыз, 2011

Бітпеген мешітке меценат табылса...

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Біз Павлодар облысы, Май ауданы, Ақжар деген ауылдан сіздерге хат жолдап отырмыз. Ауы­лымыз ауданнан шалғайда орналасса да тыныс-тірші­лігі­міз жақ­сы, балалар оқып, ауыл тұр­ғын­дары көрші қалада жұ­мыс істеп, нәпақасын тауып жүр. Енді негізгі айтпағымызға кө­шейік. Осыдан бірер жыл­дай бұрын ауыл кәсіпкері мешіт құ­ры­лысын бастаған еді. Ел қуа­ны­шында шек болмай, ашы­луын тосып күндер санап жүр­дік. Бірақ сол кәсіпкердің ісі оң­ға аспай, мешіт жартылай құры­лы­сына келгенде тоқтап, қаңы­рап бос  қалды. Осы мешіт­тің құ­ры­лысын аяқтап, пайдалануға берілуіне көмектесетін адамдар табылып жатса, алғысымыз шек­сіз болар еді. Рамазан айы енді бастал­ғанда шапағатты іске қамқор болатын елгезек, мейірімді, іскер жандар табылатынына сенімдіміз. Ауыл ақсақалдары Қ.Серимов,  К.Әбенов, Д.Бисмилдин. Павлодар облысы, Май ауданы.