03 Тамыз, 2011

Дипломмен қоса пәтер кілті тапсырылды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Көкшетау қаласындағы №3 кәсіптік-техникалық лицейдің 121 түлегіне дипломдар тапсы­ры­­лып, индустриялық-иннова­ция­лық жоба жүйесіндегі кә­сіп­орындарға жол­дама берілді. Оқу орны мен жұ­мыс берушілер арасындағы екі­жақты келісім шарттың құнды қайта­ры­мын осыдан да көруге болады. Бұл кездейсоқтық емес. Озық үлгі­дегі 25 оқу кабинеті мен компьютер сыныптары, екі тігін цехы, құрылыс зертханасы, оқу полигоны, басқа да әлеу­мет­тік-мәдени бағыттағы ны­сан­дары бар лицей түлектеріне сұраныс жыл санап артып келеді. Салтанатта үлгі аларлық бастама көтерілді. Оқу орнын үздік дипломмен бітірген Қуа­ныш Жұм­кенов пен Жанура Сәрсен­баева­ның фотосуреті «Құр­мет тақ­тасына» ілінсе, об­лыстық білім басқармасының бастығы Марат Ыбыраев Анатолий Миронов­қа осындай дип­ломға қоса  тұр­мыс­қа қолайлы екі бөлмелік пә­тер­дің кілтін тапсырды. Есіл балалар үйінде тәрбиеленген Анатолий өзінің туған қаласының құры­лыс са­ласын өркендетуге үлес қоса­тын болады. Пәтерді лицей оқытушы­лары өз қаражатына сатып алғанын да сөз орайында айта кетсек дейміз. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.