Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен пара-пар келіп отырған өзінің 8 жылдық мерейтойын тойлау кезінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ұсынып отырған тұрғын үй несиелерінің пайыздық мөлшерін азайтып, жинақтау деңгейінің көлемін түсірді.
Ендігі жерде Қазақстан азаматтары тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесінің қатысушысы ғана болып қоймай, сонымен бірге тиімді несиелеу шарттарын қолдана алады.
Қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешу және жақсартуының бірден-бір жолы тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесіне белсенді қатысу болып табылады. Аталған жүйе Қазақстанда 8 жыл бойы ауқымды жұмыс атқаруда және оны жүзеге асырушы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ халыққа тұрғын үй несиелерін беру қаржы институттарының бірі екені мәлім. Тұрғын үй несиелері – Батыс және Шығыс Еуропада өзін таныстыра білген баспаналы болудың тиімді түрі. Оның негізінде – болашақта пәтер алу немесе үй салуға жетерлік қаражатты бірте-бірте және дәйекті жинақтау ұстанымы жатыр. Аталмыш несиелеудің құндылығы жинақтаушы жинақ мерзімі мен уақытын өзі белгілеуінде. Ерекше атап кететін жайт, банкте жалғыз жинақтау жүйесі жүргізілмей, сонымен қатар алдын-ала жинақтаусыз да баспаналы болудың мүмкіншіліктері қарастырылған. Тек осы жағдайда ғана қосымша несиелеу жүзеге асырылады.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» арқасында қазіргі таңда мыңдаған отбасы баспаналы болды. Көрсетілген бағдарлама шарықтау шегінде, тұрғын үй жинақтау жүйесінің салымшылар саны да артуда. Бұл жүйеге қатысу, қазақстандықтар үшін баспаналы болудың шынайы механизмі болып отыр.
Жыл сайын Банктің ішкі және сыртқы жүйелері, несиелеу шарттары барынша тұтынушылардың қажеттіліктері мен талаптарына сәйкес өзгертілуде. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» шеңберінде тұрғын үй несиелерін беру шарттарының жақсартылуымен қызмет көрсетудің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар шаралар жиынтығы іске асырылуда. Неғұрлым несиелеу шарттарының тартымдылығы артқан сайын, соғұрлым тұрғын үй жинақтау жүйесінің қатысушылар саны да артады. Демек, көптеген қазақстандықтардың баспана мәселелері шешіліп жатыр деген сөз. Қазіргі таңда, Банк төңірегінде 3,5 жыл немесе одан да жоғары жинақтау мерзіміне қатысты мынадай тарифтер бағдарламалары жүзеге асырылуда: «Бастау», «Өркен», «Болашақ» және «Кемел». Қолданыстағы тарифтік бағдарламаларды толықтыру мақсатында алдын-ала және аралық несиелеу қарастырылған. Мәселен, «Жеңіл» бағдарламасы бойынша аралық тұрғын үй несиелері «Бастау», «Өркен» және стандартты несиелеу тарифтік бағдарламалар шеңберінде ұсынылады.
Стратегиялық миссия негізінде 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ несиелеу шарттарына салымшылар мен банк тұтынушыларына пайыздық мөлшерлемені төмендету арқылы өзгертулер енгізді. Енді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен жұмыс жасау тіптен тиімді болды.
Қызық жері, жаңа несиелеу шарттары, сол мезеттен бастап тұрғын үй құрылыс жинақтау келісімшартына отырған Банк тұтынушыларына беріледі.
Банктің бүгінгі әрекетінде несие алуға барлық жағдайлары мен мүмкіншіліктері бар немесе, қаражатты жеткілікті түрде жинақтаған салымшылардың «тым артық көлемі» байқалуда. Осыған орай, несиелеу шарттарын өзгерту қажеттілігі туындады. Аталған өзгерістер аралық және алдын-ала тұрғын үйді несиелеу және несиені алудың өтім мағынасымен жанасты. Егер, бұрын үйреншікті аралық тұрғын үй заемдарының пайыздық мөлшерлемесі 10% болған болса, қазір 8,5%-ға төмендеп, жылдық тиімді мөлшерлеме сыйы 17,5% құрады. «Жеңіл» тарифтік бағдарламаға да өзгерістер енгізілді. Бұрын негізгі қарызды өтеу төлемін үш жылдан көп емес мерзімге создыру бойынша аралық тұрғын үй несие беру көлемі 11% болса, қазір жылдық 9,5% құрады, ал жылдық тиімді қойылым сыйы – 15,7% өсті.
Осы жылдың шілде айынан алдын-ала тұрғын үй несие келісімшартына отырған Банк салымшылары жаңа тартымды шарттармен таңқалатыны сөзсіз. Өзгеріске дейін пайыздық мөлшерлемесі 12% құраса, қазір ол жинақталған жинақ мөлшеріне байланысты болып отыр. Сөйтіп, 0%-дан 25% мөлшерде салым жинақтаған кезде келісімшарт құнының жылдық пайыздық мөлшерлемесі 11%-ға, ал тиімді сыйақы – 15,1%-ға дейін жетеді. Өз кезегінде, егер салымшы келісімшарт мөлшерінен 25%-дан 50% аралығында қаржы жинақтаған болса, онда шарт жылдық 10,5% құрайды, ал жылдық тиімді қойылым сыйақысы – 17,3%. Аталмыш сыйақы алдын-ала және аралық тұрғын үй несиелері бойынша 2011 жылдың 25 желтоқсанын қоса алғанда күшін сақтайды.
Алайда, бұл Банк тұтынушыларына дайындалған барлық тосын сыйлықтар емес. Ауқымды несие мөлшерін алам деушілерге жаңа ережелер қарастырылған. Банк тұрғын үй заемын алу кезінде өтем көлемін арттырды. Сөйтіп, алдын-ала тұрғын үй заемын беру кезінде қаражат 50%-дан 60%-ға дейін; аралық тұрғын үй заемын беру кезінде 50%-ден 70% және тұрғын үй заемдары 60%-дан 70%-ын құрайды. Көрсетілген шаралар Банкке қойылатын кепілдік негізінде ауқымды несиелерді алуға мүмкіндік береді.
Несие алымының және несие алу кезіндегі өтім мүмкіндігінің төмендетілуі, салымшылар мен Банк тұтынушыларына белсенді түрде баспана алып тұрғын үй салуға, тиімді шарттарда жөндеу жұмыстарын жасауға кең мүмкіндік береді.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» әрдайым – қолайлы да тиімді!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» – мемлекеттік маңызды іс!
Қосымша ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-35-11, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қарағанды қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ., 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 42-79-94, Көкшетау қ., 25-63-04, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта www.hcsbk.kz
Ибраһим КАППАСОВ.