Фото: Ашық дереккөз
Облыстық Әділет департаментінің бөлім басшысы Ақбөбек Дүсіпқалиеваның дерегіне сүйенсек, жеке сот орындаушыларының қолында алимент өндіруге қатысты 10 мыңнан астам құжат жатыр. Оның ішінде 5 мың іс бойынша борышкерлердің төлемі тікелей жұмыс орнынан ұсталады.
Абай облысында алимент өндіру тетігі күшейді
«Қазір 2 мыңға жуық борышкер алиментті ерікті түрде төлер жүр. Алиментке берешегін мүлдем төлемейтін борышкерлердің саны – 260. Біздің облыста алиментті төлеушілер қатарында 28 әйел бар», дейді Ақбөбек Дүсіпқалиева.
Оралда алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды
Борышкерлерді табыс көзімен қамту үшін өңірде 6 рет арнайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Нәтижесінде 617 борышкер жұмысқа орналасқан. Олардың арасында алимент берешегін төлемеген 542 адам бар.