Төтенше жағдай • Бүгін, 14:45

Алматы облысында жер сілкінісі сезілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Сейсмикалық станциялар желісі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулерінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасына жақын аумақта орналасқан, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында жер сілкінісі сезілді

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің магнитудасы 5,3 MPV-ді құраған, ал тербеліс ошағы 15 шақырым тереңдікте болған. Дүмпу Алматы облысының бірнеше елді мекенінде сезілген.

Есептік мәліметтер бойынша, Нарынқол мен Кеген ауылдарында жер сілкінісінің күші 3 балл шамасында тіркелді. Ал Саты, Көкпек, Шелек, Қайыпова, Маловодное және Түрген ауылдарында 2 балл деңгейінде сезілген. Бұл елді мекендердің эпицентрден арақашықтығы 66 шақырымнан 269 шақырымға дейін жетеді.

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

Сондай-ақ 2 балдық жер сілкінісін Жаркент қаласының тұрғындары да сезген. Қала Жетісу облысы аумағында орналасқан.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жер сілкінісі салдарынан қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Құзырлы органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Еске сала кетейік, бұдан екі бұрын 2-4 балл аралығындағы жер сілкінісі сезілген еді. Кейін мамандар өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қауіпі бар учаскелерге мониторинг жүргізді.
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жер сілкінісі сезілді

Төтенше жағдай • Бүгін, 14:45