03 Тамыз, 2011

Жұмысшылар құқығы қаралды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әлеуметтік әріптестік және ең­бек қатынастарын реттеу бой­ынша облыстық комиссияның кезекті оты­рысында әлеуметтік әр­іп­тестік та­раптардың және кәсіп­кер­лік нысан­дарының бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнін­дегі «Парыз» бай­қауына қатысу­шыларды ұсыну жа­йы сөз болды. Байқауға қатысуға 49 үміткер өті­ніш білдірген. Содан кейін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акцио­нер­­­лік қоғамы мамандан­дырыл­ған кө­лік басқармасындағы ең­бек заң­ды­лық­тарының сақталуы­на бай­­ланысты мәселе қаралды. Бұл бас­қармаға балама ретінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» көлік компа­ния­сы» ЖШС құрылған-ды. Оты­рыс­та жұмысшылардың құ­қықтары бұзылмауы керектігі, әр жұмыс­шы өздері қалаған мекемеде жұ­мыс істеуіне қысым­шы­лық көрсе­тіл­меу қажеттігі баса айтылды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.