03 Тамыз, 2011

Жастар ұйымдары көшбасшыларымен кездесті

722 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жастардың мәселелерін басты назарында ұстап, олардың Қазақстан дамуындағы көшбасшылық рөлін үнемі атап келеді. Сондай-ақ жастармен жұмыс «Нұр Отан» қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Кеше өткізілген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші ор­ынбасары Нұрлан Нығмату­лин­нің жастар ұйымдары мен одақ­тарының көшбасшы­лары­мен, жас кәсіпкерлермен және партиялық жобалардың қатысушыларымен кездесуі барысында осы және басқа да бағдарламалар, сонымен қатар, жас буынды толған­ды­ра­тын маңызды мәселелердің бола­ша­ғы жайлы сөз болды. Халық­аралық жастар күні қарсаңында өткізілген бұл кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылды. Кездесуге қатысушылар ал­дын­­да сөз алған Нұрлан Нығ­матулин Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұл­тан Назарбаев жас тұлғаның үй­лесімді дамуына барынша жағ­дай жасап келе жатқанын атап өтті. Бүгінгі күні жас қазақ­стан­дықтар да Қа­зақстан дамуына зор үлес қосуда. Олар елдің қоғам­дық-сая­си өмі­ріне де, үдемелі ин­дус­трия­лық-инновациялық бағдар­ла­ма­ны жү­зе­ге асыруға да, ғылыми-зерт­теу жұмыстарына да атсалысуда. Кездесу қызықты әрі мазмұн­ды өтті. Бағдарламаға қатысу­шы­лар олардың маңыздылығы мен уақытылы өткізілгендігін атап көр­сетті. Себебі, жобалардың әр­қай­сысы ең алдымен еліміздің жас буынының дамуына, оған қолдау көрсетуге және жастардың өз мүмкіндігін толық пайда­ла­ну­ы­­на арналған. Тек бір ғана респуб­ликалық «Дипломмен – ауылға» партиялық жобасына мыңдаған жас мамандар атсалысты. Жалпы, жоба іске асырыла бастаған уа­қыттан бері 13 мыңнан астам жас ауылға қызмет ету үшін келді. «Егемен-ақпарат».