03 Тамыз, 2011

Мырзашөлдің екінші тынысы ашылмақ

513 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Сылаңдап ағар Сырдария суы шекара дегеніңізге селт етпейді. Ғасырлар бойы жасап ал­­ған ар­на­сымен тынымсыз аға бермек. Дегенмен, бүгінде су­­дың да жо­лын бөгеушілер, өздеріне қарай арнаның аузын кеңірек ашып қойғысы келетіндер табылар. Орталық Азияға ортақ Сырдың суын күні кеше Қырғызстан, Өз­бекстан, Тәжікстан және Қазақ­стан тел еметін еді. КСРО күй­ре­ген соң аталарының басқа екені естеріне түсіп, жеке-жеке қо­жайындық жасап, дарияның тө­менгі бөлігінде жатқан Қазақ­стан­ды шөміштен қысатын бол­ды. Мұның зардабын әсіресе Мыр­зашөл даласында отырған диқандар қатты тартуда. Кезінде күзгі-қысқы және көктемгі су тас­қындарымен күресу үшін жә­не олардың кері әсерлерінен сақ­тану үшін Елбасы Н.Назар­баев­тың көреген саясатының арқа­сын­да қысқа мерзімде “Көк­са­рай” су реттегіші салынып, пай­далануға берілгені белгілі. Бұл өз кезегінде ондаған жылдар бо­йы шешімін таппай келе жатқан Оңтүстік Қазақстан және Қы­зыл­орда облыстарындағы елді мекендерді су басу қаупінің бетін қайтарды. Енді жоғары­да­ғы­дай мәселелер туындаған соң Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданындағы егістік алқаптарын Шардара су қойма­сының суымен тұрақты қамта­ма­сыз ету үшін Президенттің тап­сырмасы бойынша 90 мың гектар алқапты суа­руға қабілетті 30 шақырым магис­тралды каналы бар сорғы стансасы са­­лынуда. Транс­шек­ара­лық Амудария мен Сырдария өз­ен­дерінің су ре­сур­старын пайда­ла­ну­дағы барлық түйт­кіл­дерді шешу мақ­сатында Ел­ба­сы төрт ел басшы­ла­ры­­на үлестік қатысу арқылы мемлекетаралық су-энер­гетикалық консорциумын құру­­­ды ұсынды. Бұл әр мемлекеттің аталған өзендердің су ресур­ста­рына теңдей қолжетімдікке ие болуы үшін қажет. Қалай есептесеңіз де кезінде Өзбекстаннан тартылған “Дос­тық” каналының суы Мақта­арал­дағы 132000 гектар суар­ма­лы алқапты толық қамти ал­май­ды. Су жетімсіздігінен барлық несібесін жерден айырып отыр­ған диқандар шілдеде бау-бақ­шасы мен мақтасын шөліркетіп, ойдағыдай өнім ала алмай бар­мақ тістеп қалып жүр. Енді, міне, мақтааралдықтардың бұл мә­селесі шешілгелі тұр. Аталмыш құрылысқа Үкімет тарапынан 13 млрд. 655 мың теңге бөлінген. Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен су тапшы­лы­ғы жөніндегі түйткілді про­б­ле­маны тарқату мақсатында оң­түстікке арнайы іссапармен келген Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев іске өзі араласқан. Жаңа жобаның ма­ңыздылығына Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі Су ресурс­тары комитетінің төрағасы Анар­бек Орман да ерекше көңіл аударды. Бүгінде 30 шақырым магис­тралды каналы бар сорғы стан­сасын “Құрылыс” ЖШС“ салып жатыр. Облыста бірнеше құры­лыс нысандарының бой көте­ру­і­не ықпал болған ұжымды тәр­бие­лі маман Қилыбек Тұрлыбек басқарады. ЖШС-ның Ш.Ділдабеков атындағы ауыл округіндегі бас штабында болып, құрылыс жайымен танысудың реті келген. Мұндағы күні-түнгі қарбалас тірлік сенім үдесінен шығу үшін жанталасып жатқан канал қазу­шылардың ерен еңбегін, жауапкершілігін танытқандай. Қилы­бек әңгімесін былай бастады: – Шардара су қоймасынан осы жерге дейін 13 шақырымдық канал тартылуда. Оның ені 100 метр, тереңдігі 10 метр. Су өз ағысымен осы арна арқылы ГНС-1 сорғы стансасына келеді. Үл­кен насос 12 метр биіктікке кө­те­ріп, секун­дына 50-60 текше-метр су шы­ға­ра­ды. Бұдан әрі қарай ағын су ұзындығы 11 шақырым­дық канал арқылы ПМС-2 сорғы стансасына жетеді. Мұндағы насос суды 9 метрлік биіктікке кө­тереді. Міне, осы тұстан өткен су “Достық” ка­налына құйылады. “Достық” ка­налының бөгетін биіктету ар­қылы үшінші көтері­лім­де судың мол қоры алынбақ. Был­тырғы жұмыс құрылысшыла­ры­мызды көп қина­ды. Көктемде жауын-шашынның мол түсуінен жерасты сулары кө­теріліп кетті. Ми-батпақ шалшық­ты кеше жү­ріп жұмыс жасадық. Бірақ қиын­дық­тарға мойымадық. Тығырық­тар­дан шығу үшін 25 ұңғы қа­зып, канал танабында жұ­мыс істеп жатқан жер снарядтары мен экскаваторшылардың бал­шық­ты сыртқа шығаруларына мүмкін­дік­тер туғыздық. Мырзашөлге екінші тыныс бер­гелі отырған жаңа каналдың қазылу барысымен танысу үшін лай кешіп, батпаққа батып бірнеше күн жүруімізге тура келген. Жанкешті жұмысты көктемде көр­генбіз. Расында 30 шақырым ка­нал­ды қазып, іргесін бекіту оңай шаруа болмай шықты. Жер­асты суы көтеріліп, қазу жұмыс­тарына көптеген қолбайлаулар ту­дыр­ға­нын көзімізбен көрдік. Оның үс­тіне бұл өңірдің топы­ра­ғы құмды келеді. Қазған жердің опырылып түсіп жатқаны, жұ­мыс­қа жұмыс үстеп беретіні құ­рылысшыларды қажытпайды деп айта алмаспыз. Мұнда жаңа каналмен қатар бұ­рынғы арна да бар. Басқа жердерден топырақ тасымалданып, ескі арна толты­рылса, қазылған ка­нал­­дың лайы мен балшығы аула­ғырақ апары­лып төгілуде. Қа­зірге дейін ка­нал­дың 26 шақы­ры­мы бетонда­лып бітті. Қазір осы маңызды нысанда “Құрылыс” ЖШС-ден басқа 22 қосымша мердігер мекеме жұ­мыс істеуде. “Югстройсервис”, “Батсу-Водоканал”, “Барат”, “Эс-групп”, “Южводстрой” сынды құрылыс мекемелері бар. Олар өздеріне тиесілі нысанды дер кезінде кестеге сай салып бітіруде. Әлеуметтік маңызы жағынан ға­сыр құрылысы атанған нысанда бас мердігер бо­лып табылатын «Құрылыс» ЖШС бүгінде құры­лыс-монтаж жұмыс­та­рымен ай­на­лысуда. Құрылысқа 212 арна­йы техника, 2 бетон за­уыты, 823 адам жұмылдырылған. Олар екі ауысымда еңбек етеді. Негізінен, маңызды нысанға бұ­рын құры­лыс саласында еңбек еткен тә­жі­рибелі мамандар тарты­лу­да. Біз­дің елде әлі де экскаватор­шы, бульдозерші, автокраншы, бұр­­ғы­лаушы сияқты жұмысшы кадрлар тапшы екенін осы жерден аңғаруға болады. Қазекемнің бар­лығының қолтығына папкі, ба­сына шәпкі керек. Құлап қалмаса болды, астарына бір-бір үстел, құлаштап соғар мөр қажет. Мұнда күндіз-түні жұмыс бір толастамайды. Жүздерін күн қақ­та­ған жұмысшылар серпінді жо­баны жыл соңына дейін аяқтап шы­ғу жолында аянбай тер төгуде. «Құрылыс» ЖШС директоры Қилыбек Тұрлыбектің айтуынша, жерасты суының көтерілуі жұ­мыс қарқынын арттыруға қол­бай­лау болуда. Жер қазатын буль­дозер­лер 2 метр тереңдікке дейін топы­рақ қазған соң қалған жұмыс ар­найы топтың үлесінде екен. Олар су астындағы құмды тереңдете қа­зады. Құм аралас суды жағаға атады. Жобада бұл жұмыстарға қар­жы қарасты­рыл­ма­ған. Мұнда қазір екі ресейлік, қалғандары қазақстандық мердігерлер жұмыс жасап жатыр. Су қоймасының ал­дынан №46 бекеттен бөгет тұр­ғызылған. Алайда, жерасты суы көтерілуде. Бұл Шар­дара су қой­масындағы судың ернеуіне жетіп тұрғандығынан. Бір кездердегідей артық су да­рияға жіберіліп жат­қан жоқ. Көк­сарайға да жинақ­талып жатыр. Кейін бұл сумен егістікті суландырады. Шардара су қоймасынан тартылған арна арқылы су ГНС-1 су сорғысына келеді. Аквакамера деп аталатын аймақта жұмыс қызған. Әрқайсысының салмағы 22 тонна болатын 12 қозғалтқыш орнатылуда. Осы сорғы агрегаттар арқылы диаметрі 1652 мм 12 құбыр арқылы 12 метр биіктікке көтеріліп, секундына 60 текше метр су шығарылады. Бүгінде 6 қозғалтқыш монтаждалып бітті. 12 құбырмен сорып алынған су бассейнге құйылады. Үлкен қы­сыммен келетін судың қысы­мы­на шыдас беретіндей бассейн бекем етіліп бетондалған. Апат­ты жағ­дай­да су тастайтын шлюзі де бар. Су айдайтын стансаға Сары­ағаш ауданының Абай елді мекенінен электр желілері тар­ты­лып­ты. Су айдау машинасына 16 мың кВт. трансформатор қойыл­мақ. Кентау қаласында құрас­ты­рыла­тын аппараттар биыл сы­налмақ. Бұл жұмыстармен ақтө­бе­лік «Оса­­­каэнерго» қосалқы мер­дігер ұйымы айналысуда. Соң­ғы жыл­дары Мақтаарал ауда­нының тұр­ғындары электр қуа­тының тап­шы­лығын сезінуде. Ны­сандағы электр қуаты Мырза­шөлдің мұқ­тажын да қанағат­тан­дырмақ. Алла жазса, шілде айының со­ңына қарай жаңа арнамен ақ­қан су егістік алқаптарына жетпек. Міне, сонда түкпірдегі ма­қ­та­шы­лар да су тапшылығын тар­т­­пайды. Қысқасы, Шардара су қой­масынан Мырзашөл аймағына “Достық” каналы арқылы су жіберу үлкен олжаға кенелткелі тұр. Тәуелділіктен құтылған диқандар мақта, көкөніс, бау-бақша өнім­де­рін молайтамыз деп қос қолдарын ысқылап отыр. Әрине, олар Ел­басының көрегендік саясатына, оңтүстікқазақстандық мақташы­лар­ға жасап отырған үлкен қам­қорлыққа қуанады. Сонымен қа­тар қиындықтардан қорықпастан қарқынды жұмыс жасап жатқан құрылысшылар қауымына айтар алғыстары шексіз. Иә, тәуелсіздіктің 20 жылды­ғы қарсаңында оңтүстікте тағы бір оң іс аяқталып, елді қуан­т­­қалы тұр. Мырзашөлдің мейірі қанса, береке-байлық та мейлінше тасқындай түспек. Сабырбек ОЛЖАБАЙ. Оңтүстік Қазақстан облысы.