Сонымен іле-шала «ҚазТрансГаз» АҚ командасы үстіміздегі жылдың 30 шілдесінде Gazprom Germania компаниясының шақыруымен Берлин қаласында өткен халықаралық футбол сайысына сап түзеп сынға түсті. Оған жеті мемлекеттен келген 12 команда қатысты. Атап айтар болсақ, олар Германия, Ұлыбритания, Швейцария, Ресей, Түркия, Қазақстан және Чехия тәрізді елдердің командалары еді. «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының командасы бұл турнирге тұңғыш рет қатысып, табан тірескен тартыста үшінші орынды жеңіп алды. Жігіттеріміз теңбіл доп теуіп ерледі. Жерлестеріміз жартылай финалда FC Schalke 04 (Шальке 04) командасынан 0:1 есеппен ұтылғанына қарамастан, 3-ші орынға таласқан матчта Hertha (Герта) командасын 3:0 есебімен жеңіп шықты. «ҚазТрансГаз» АҚ командасының ойыншысы Ерлан Оразаев додалы жарыста шалт қимылдап айшықты ойын өрнегімен ерекшеленіп, қақпаға доп соғушы ең үздік сұрмерген деген атақты қанжығасына байлады.
Атап айтатын бір жайт, «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы 2000 жылы мұнай-газ саласындағы жұмыстарды жүйелендіру үшін құрылған болатын. Компания қазіргі уақытта газ барлау, өндіру, тасымалдау және бөлу кезінде активтерді корпоративтік басқару бойынша қызметті жүзеге асырады. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялары тобының құрамына газ өндіруші, тасымалдаушы және сатумен айналысатын, сонымен бірге оның өнімдерін өңдеуші кәсіпорындар мен сервистік қызметтер көрсетуші ұйымдар кіреді. Іргелі де күрделі жұмыстар атқарып отырған компания еншілес және салалас кәсіпорындарының әлеуметтік мәселесіне де әрдайым назар аударып келеді. Соның нақты айғағындай – жұмыскерлердің әлеуметтік-мәдени тіршілігі жылдан жылға жақсару үстінде. Саламатты өмір салтын қалыптастыруды дәстүрге айналдырған компанияның сауапты ісі өркен жайып, өрісі кеңейетіндігіне шүбә жоқ.
Марат АҚҚҰЛ.

Димаш Құдайберген 70 аспабын музейге тапсырды
Мәдениет • Бүгін, 12:51
Орфандық ауруы бар науқастар неге дәрісіз қалды?
Медицина • Бүгін, 12:42
Азия ойындары-2029: Алматыда жаңа спорттық нысандар салына ма?
Спорт • Бүгін, 12:33
Астанада полицейлер мұз құрсауында қалып қойған балықшыны құтқарды
Оқиға • Бүгін, 12:26
Әлем кубогі: Қарағандылық спортшылар артистік жүзуден 14 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 12:15
Абзал Құспан: Конституциялық сот азамат пен мемлекет арасындағы төреші болады
Ата заң • Бүгін, 12:03
«Astana Motors» ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады
Референдум • Бүгін, 11:50
Семейде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
АҚШ Сириядан әскерін толық әкетуді жоспарлап отыр
Саясат • Бүгін, 11:37
ERG металлургтері отандастарымызды референдумға қатысуға шақырды
Ата заң • Бүгін, 11:35
Жылжымалы кітап көрмесіне қандай шығармалар ұсынылды?
Әдебиет • Бүгін, 11:30
76 жасқа дейінгі ел азаматтары тегін скринингтен өте алады
Медицина • Бүгін, 11:23
Референдумға 24 күн қалды: Астанада кері санақ таблолары орнатылды
Референдум • Бүгін, 11:20
Балқаш қаласында көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түсті
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Қонаевтағы желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы қала меншігіне өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:02